Қазақстан мен Болгария Транскаспий дәлізі бойынша ынтымақтастықты дамытуда

Жаңалықтар
12.02.2025, 12:03
Оқуға 2 мин
Фото: СІМ
Қазақстан теміржолшысы

Қазақстан Республикасының Болгариядағы Елшісі Виктор Темірбаев жаңадан тағайындалған Болгария Премьер-Министрінің орынбасары – Көлік және байланыс министрі Гроздан Караджовпен кездесті. Кездесу барысында Астана мен София арасындағы көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Тараптар Еуропа, Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы көлік-транзиттік ағымдарды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) аясындағы әріптестікті арттыруға ерекше назар аударды. Қазақстандық дипломат ел үкіметінің ТХКБ бойындағы инфрақұрылымды жетілдіру бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы айтты. Оның ішінде Ақтау портында контейнерлік хабтың және Құрық портында "Саржа" көпфункционалды теңіз терминалының құрылысы ерекше атап өтілді.

«Болгария, Қазақстан секілді, жаһандық сауда тізбегінде маңызды транзиттік рөлді атқарады және осы тұрғыда біз көлік-транзиттік саладағы ынтымақтастықты жандандыруымыз қажет», – деп атап өтті В.Темірбаев.

Кездесу барысында халықаралық автокөлік тасымалы саласындағы әріптестікті дамыту мәселелері де қарастырылды. Атап айтқанда, рұқсат бланкілері квотасын өзара ұлғайту мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасу болды.

Өз кезегінде Гроздан Караджов Болгарияның Азия мен Еуропа арасындағы транзиттік тасымалдар үшін көлік-логистикалық хаб болуға әлеуеті бар екенін атап өтті. Ол сондай-ақ ТХКБ-ны дамытуға бағытталған ынтымақтастықты күшейтуге дайын екенін білдірді. Болгар министрі бұл шаралар екі ел арасындағы сауда көлемінің артуына ықпал ететінін де атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық өзекті мәселелер бойынша жұмыс байланыстарын қолдау туралы уағдаласты.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды