2025 жылы 3 жаңа қазақ-қытай терминалы іске қосылады

Жаңалықтар
22.02.2025, 10:36

2025 жылғы 21 ақпанда Сиань ҚКП Парткомының хатшысы Фан Хунвэй мырза "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшысы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Тараптар 2024 жылы Сиань қаласының Құрғақ портынан Қытай-Еуропа бағыты бойынша 5000 астам пойыз жөнелтілгенін атап өтті, бұл осы бағыт бойынша барлық жөнелтілімдердің 25% құрайды және тарихи рекорд болып табылады.

Сиань қаласындағы бірлескен жүк терминалы жұмысының арқасында TХКБ маршрутындағы негізгі түйін ретінде өткен жылы тасымалдау көлемі 33 есе өсті. Сиань қаласының құрғақ портымен серіктестікте жалпы инвестиция көлемі 200 млн АҚШ долларынан асатын бірқатар халықаралық логистикалық жобаларды іске асыру жалғасуда.

Келіссөздер барысында іске асырылып жатқан уағдаластықтар сенімді логистикалық тізбектерді қалыптастыратын, жүк ағынының өсуін және Қазақстан мен Қытай көлік салаларының дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын стратегиялық одаққа біріккен ынтымақтастыққа трансформациялағаны атап өтілді.  

Тараптар ағымдағы жылға арналған жоспарларды бекітті, олардың ішінде: Алматы қаласында логистикалық кешенді (ГТС-2) іске қосу, Мәскеу облысындағы Селятино станциясында жаңа CRK Terminal логистикалық орталығын ашу және Әзірбайжандағы Алят портында терминалды іске қосу. Келесі жылы Свислочь станциясында (Беларусь) және Будапешт қаласында (Венгрия) логистикалық орталықтар мен терминалдар іске қосылады.

Кешенді тәсіл және жобаларды серпінді іске асыру 2026 жылы Шығыс-Батыс бағытындағы терминалдардың толыққанды желісін қалыптастыруға мүмкіндік береді, бұл елдің транзиттік-көліктік әлеуетін дамытуда маңызды қадам болады.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда