2025 жылдың 1 наурызында сағат 19:00-де Семей станциясының өрт сөндіру пойызы аумағы 1600 м2 болатын астық қоймасындағы ірі өрт орнына жөнелтілді, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Өрт сөндіру үшін пойыз 200 тонна су жеткізді. ТЖД құтқарушылары мен теміржолшылардың бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде өрт 2 наурызда сағат 00:13-те тоқтатылды.  

Өртті жоюға 24 бірлік техника қатысты.