ҚТЖ теміржолдағы қауіпсіздік ережесін бұзғандарға жауапкершілікті күшейтуге қол жеткізді

Жаңалықтар
12.03.2025, 09:36
Оқуға 2 мин

2025 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Президенті "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды. ҚТЖ және құқық қорғау органдары бастамашылық еткен түзетулер темір жол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігіне және темір жол өткелдерінде жүру ережелеріне байланысты бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейтеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

559-бапқа сәйкес айыппұл санкциялары күшейтілді:

– Ат арбаларының (шаналардың) жүру және темір жолдар арқылы жануарларды айдау қағидаларын бұзу, сондай-ақ темір жолдың бөлінген белдеуінде мал жаю - 5 АЕК айыппұл немесе 19 660 теңгені құрайды (2025 жылға АЕК 3 932 теңге ). Осы бап бойынша ескерту сияқты әкімшілік жаза алынып тасталды. Сондай-ақ, бір жыл ішінде қайталанған құқық бұзушылық үшін жауапкершілік енгізіледі. Айыппұл 10 АЕК (39 320 теңге) құрайды.

- Белгіленбеген орындарда темір жолдары арқылы өту – айыппұл 3 АЕК (11 796 теңге) құрайды, сондай-ақ жыл ішінде қайталап бұзылған жағдайда айыппұл алғаш рет енгізіледі - 5 АЕК (19 660 теңге). Мұнда ескерту ретінде әкімшілік жаза алынып тасталды.

Теміржол өткелдеріндегі жол-көлік оқиғалары (ЖКО) өткір проблема болып қалуда, бұл көбінесе пойыздарда шұғыл тежеуді қолдануға әкеледі. ЖКО-ның негізгі себептері-автокөлік құралдар жүргізушілері тарапынан өрескел бұзушылықтар, оның ішінде ескерту белгілері мен сигналдарын елемеуі.

607-бапқа сәйкес, өткелден тыс жолдарды кесіп өтуді, жабық шлагбаум немесе тыйым салу сигналы кезінде өткелге шығуды, өткелде тоқтауды қоса алғанда, темір жол өткелдерінің жүру ережелерін бұзғаны үшін айыппұл екі есеге 20 АЕК-ке (78 640 теңге) дейін ұлғайтылды. Бапта алғаш рет бұзушылық көлік құралдарына немесе мүлікке зақым келтірген жағдайда, тоғыз айға дейінгі мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасы енгізіледі.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды