Қайырымдылық күні – теміржолшылар ерекше қамқорлық пен көңіл бөлуді қажет ететіндерді қолдауға бағытталған бірқатар қайырымдылық акцияларын ұйымдастырды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ – "Магистральдық желі дирекциясы" филиалының қызметкерлері Қарағанды қаласындағы "Забота" қарттар үйіне барып, жылулық пен құрмет көрсету ауанын қалыптастырды.

Сонымен қатар, теміржолшылар Астана қаласының "Мамандандырылған балалар үйінде" жетім балаларға барып, оларға жетіспейтін көңіл күй мен сүйіспеншіліктерін сыйлады. Сондай-ақ, филиал қызметкерлері өсудің, өркендеудің және қоршаған әлемге ұқыпты қараудың символына айналған Ақтөбе қаласының саябағына ағаш отырғызып, табиғатқа қамқорлық жасауға уақыт бөлді.