17 наурызда сағат 04:05-те Алматы – 1-Сарыөзек учаскесінің күзетілетін теміржол өткелінде жүк пойызының машинисі шұғыл тежеу қолдануына тура келді, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Мұның себебі жабық шлагбаумды айналып өтіп, өткелге шыққан автокөлік жүргізушісінің жол ережесін бұзуы болды.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жолдың және өткел инфрақұрылымының зақымдануы тіркелмеді. Локомотивте зақым анықталды – автоілу тұтқасы бүгілген. Пойыз 20 минуттық кідіріспен қозғалысын жалғастырды. Оқиға туралы ақпарат Қапшағай станциясының желілік полиция басқармасына берілді.