Наурыз мейрамын тойлауға  орай елордалық вокзал кешені аумағында теміржолшылардың этноауылы ашылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Келген қонақтар мерекелік атмосфераға еніп, ұлттық тағамдардан дәм тата алды.

Биылғы мейрамды атап өту Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналды.

 Мереке түрлі түркі халықтарының мәдениетін біріктірді: киіз үйлерде Әзербайжан, Татарстан, Түркия, Түрікменстан және Өзбекстан дәстүрлері ұсынылды. Қонақтарға наурыз көже, бауырсақ пен палау ұсынылды, ал жарқын концерттік бағдарлама дайындаған ҚТЖ дарынды қызметкерлері мерекелік көңіл-күй сыйлады.