Алматыда «ҚТЖ» ҰК» АҚ және «РЖД» ААҚ бірлескен жұмыс тобының XV отырысы өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Делегацияны ҚТЖ Басқарма төрағасының орынбасары Ануар Ахметжанов және Ресей темір жолдары бас директорының бірінші орынбасары Сергей Павлов басқарды.

Тараптар тасымалдарды дамытуды талқылап, жұмысты қорытындылады. 2025 жылдың I тоқсанында "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізі шығыс бағыты бойынша контейнерлік тасымалдар 63%-ға өсті, Ресей порттары арқылы қазақстандық көмірдің экспорты 44,5%-ға артты. Қытай–Ресей–Қытай бағыты бойынша тасымалдау 30%-ға ұлғайды.
Кездесу қорытындысы бойынша 2025-2027 жылдарға арналған жаңа іс-шаралар жоспарына қол қойылды.
