Жылу беру маусымы жақын
Міне, санаулы күнде күздің алғашқы айы басталады. Демек, «қыс – қыр астында» деген сөз. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаевтың төрағалығымен 2017-2018 жылу беру маусымына орай көмір тасымалын ұйымдастыру барысына арналған жиын өтті.
Тамыз-желтоқсан аралығында халықты қажетті көмірмен уақтылы қамтамасыз ету шаралары сөз болған басқосуға тасымалдаушылар мен жүк жөнелтушілермен қатар, министрліктер мен мемлекеттік органдар, облыстық және калалық әкімшілік өкілдері қатысып, күн тәртібіндегі мәселені жан-жақты талқыға салды.
Өз сөзінде ҚТЖ жетекшісі ең алдымен ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етудің басымдығы мен маңыздылығына тоқталды.
–Бірінші кезекте бюджеттік ұйымдар үшін республикаішілік көмір тасымалын қажетті вагондармен қамтамасыз ету керек. Бұл атқарушы биліктің бақылауында. Сонымен қатар, шешуді қажет ететін тағы бір мәселе, көмірді тұтынушы-кәсіпорындардың 70%-ы «KTZ Express» АҚ-мен тікелей келісімшарты жоқ, бұл өз кезегінде көмір тасымалына қажетті вагондар паркін жоспарлауға кері әсерін тигізеді және тасымалды қамтамасыз етуге 100% кепілдік бермейді, – деді компания жетекшісі.
Жиында Жүк тасымалы компаниясы басшысының баяндамасынан белгілі болғандай, өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы жылдың жеті айында жүк тиеу көлемі, соның ішінде республикаішілік қатынаста да артыпты. Сонымен қатар, 2016-2017 жылу беру маусымы кезінде орын алған кемшіліктердің қайталанбауы ескерілген. Мысалы, көктемгі-жазғы кезеңде тасымалдың айтарлықтай төмендеп кетуінің алдын алу шараларын дер кезінде қабылдаудың нәтижесінде 1017 жылдың маусым айында көмір тасымалының көлемі өткен жылғыдан 2 млн тоннаға жоғары болған.
Жүк жөнелтушілер тарапынан сөз алған «Богатырь Аксес көмір» ЖШС атқарушы директоры Қайрат Рғайбек алдымен осындай маңызды басқосу үшін ҚТЖ басшылығына алғысын жеткізді.
–Ағымдағы жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының бастамасымен «Богатырь Аксес көмір» ЖШС ҚР энергожүйесімен көмір жеткізуді төртінші тоқсаннан жазғы кезеңге ығыстыруды келісті. Сонымен қатар, облыс әкімшіліктерімен көмір сатып алуды ертерек ұйымдастыру, маусым айынан бастауға қол жеткізілді. Тұтынушылармен осындай жұмыстарды жүргізу нәтижесінде 600 мың тоннадай көмір тасымалы күзгі-қысқы кезеңнен көктемгі-жазғы кезеңге ығыстырылды, – деді алпауыт кәсіпорын өкілі.
Ал ҚР Индустрия және даму министрлігі көлік комитетінің теміржол көлігін басқару басқармасының бас экспорты Ардақ Садықова жиынға қатысушыларды маусым кезінде вагондар тапшылығын жоюға мүмкіндік беретін жекеменшік вагон парктерін қалыптастыруға кеңес берді.
Жалпы биылғы жылу маусымын көмір тасымалымен қамтамасыз ету сұлбасы жиында айқын болды және көмір тасымалының көрсеткіші былтырғыға қарағанда биыл анағұрлым жоғары. Бұл жүк тасымалдаушылар мен жүк жөнелтушілермен қатар барлық тиісті министрліктер мен мекемелер, атқарушы билік өкілдерінің жұмыла жүргізген жұмысының нәтижесі екені айтылды. Басқосу соңында ҚТЖ басшысы Қанат Алпысбаев мұндай басқосуды қыркүйек айының ортасынан бастап селекторлық режимде ай сайын өткізуді ұсынды.
Әсел ШАЙХЫНОВА
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды