Атырау жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты ежелгі «Ақжайық» станциясы пойыздарды қабылдау-өткізу мүмкіндігінің шектеулігіне байланысты «Атырау мұнай өндеу зауыты»ЖШС-нің  өнімдерін қабылдау қызметін тоқтатты. Әрине, күні бүгінге дейін зауыт өз өнімдерін қала маңындағы «Ақжайық» станциясы арқылы тасымылдап келді. Алайда аталмыш станция жолдарының қысқалығы зауыт пен станция мамандарынан  ауыр кестемен жұмыс істеуді қажет етті. Бұдан басқа зауытқа кіретін және шығатын мұнай өнімдері тиелген вагондар мен цистерналар тұрғын үйлер шоғырланған қала ішімен әрі-бері қозғалысы да  түрлі қауіпті күшейтіп, автокөлік қозғалысына да айтарлықтай кедергі келтіретін. Он жылдан бері жергілікті атқарушы билікті де, темір жолшыларды да толғандырған мәселе оң шешімін тапты.  Енді мұнай зауыты шығаратын өнімдердің барлығы «Атырау мұнай өндеу зауыты»ЖШС-нің  «Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені» жобасы аясында салынған Теңдік станциясы арқылы жөнелтуде. Магистралды және  көлік инфрақұрылымын дамыту жобасымен салынған Теңдік - инфрақұрылымы заманауи талаптарға сай станция болып саналады.

Тұрсын ҚАЛИМОВА

АТЫРАУ