Сыр елінің бас қақпасы
Жаңалықтар
14.07.2016, 16:39
Темір жол бойы қашан тыныш болған. Ал апта басы дүйсенбі ең жауапты күн. Қызылорда станциясы бастығының жұмыс бөлмесіне таңғы сағат 8-ден жиналған теміржолшылар өткен аптаның қорытындысын жасап, алдағы жұмыс аптасының міндет-жоспарларын белгіледі.
Станция бастағы Ерлан Айдаров өткен аптада жұмыста салғырттық жасаған бір-екі вагон құрастырушыға, жүк қабылдап-жөнелтушілерге шүйлігіп, алдағы уақытта кәсіби жауапкершіліктерін арттыруды міндеттеді. Көктемгі комиссиялық байқау мен сенбілікке қатысты шаралар пысықталып, жауапты тұлғалар белгіленді. Сағат таңғы 9 болмай жұмыс орындарына тараған станциялықтар үшін тағы бір жұмыс аптасы қауырт басталды.
Станция бастығы бірінші кезекте өндірістік жарақатсыз еңбек өнімділігін арттырып, қозғалыс қауіпсізідігін сақтай отырып Ұлттық компания мақсат еткен тапсырмаларды орындау басты назарда ұстанатынын жеткізді. Өткен жылды жүк тиеу мен жөнелтуде жоспарды артығымен орындаған станциялықтар ағымдағы жылдың жоспарын орындауға күш біріктіріп, алғашқы үш айлық 226 вагонға жүк тиеу межесін 371 вагонға жеткізіп, жоспарды 137 пайызға орындап, 20627 тонна жүк тиеген екен. 2188 вагоннан 187870 тонна жүк түсіріріліп үш айлық жоспары 150,88 пайызға атқарылыпты. Наурыз айындағы 139 вагонға жүк тиеу жоспары 100,71 пайызға орындалып, 8130 тонна жүк тиелген. Өзге де көрсеткіштер 98,84 пен 121,16 пайыз арасында орындалуда екен.
-Жүк тасымалын арттыру мақсатында станцияның тұрақты клиенттері мен бірге жаңадан кәсіпкерлерді тарту үшін ұжым болып жұмыс жасаудамыз, арнайы құрылған жұмыс тобы облыстағы танымал кәсіпорындармен келісім жүргізіп, барлық мүмкіндіктердің ұсынылатын айтып түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Жұмыс барысында жіберілген кемшіліктер дер кезінде талқыға салынып, оның қайталанбауына немесе екінші бір теміржолшының сол қателікті қайталамауы үшін түсіндіру жұмыстарын өткіземіз. Тәжірибелі, білікті мамандар тарапынан қосымша техсабақтар өткізіп, ұжымдастардың білім білігін арттыруға күш саламыз,-дейді станция бастығы Ерлан Айдаров.
Станцияның 16 жолы мен қосымша кірме жолдар қазіргі таңда жүк түсіру-тиеу жұмыстарына қызмет жасап тұр. Станцияның қос алқымы аралығындағы қозғалыс пен тыныс-тіршілікті үнемі бақылауда ұстау ұжымның күнделікті жұмыс үрдісіне айналған. Станция штатындағы 100-ден аса теміржолшының жұмыс жасауына толық жағдай жасалған. Жұмыс киімін ауыстыратын, душ қабылдайтын, тамақтанатын, жұмыстан бос уақытта спортпен шұғылданатын бөлмелері жылы, таза, жайлы қажетті нәрселермен жабдықталған.
Ерлан Айдаров Қызылорда станция іргесіндегі 10-бекет маңында «Нұрлы жол» бағдарламасымен жүзеге асырылғалы жатқан бірнеше жобалармен қатар Әйнек зауытының құрылысының жеделдете жүргізіліп жақын күндерде өндіріске қосылатындығы, аймақтағы Шалқия кенішінің жандануы станциясының бүгінгі тіршілігіне екінші тыныс беріп аймақ өндірісінің өркендейтініне сенімді.
Сабырхан НӘДІРБАЙҰЛЫ, Қызылорда
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды