Алтынкөл станциясының өткізу қабілетін арттыру шараларын талқылады

Жаңалықтар
13.06.2025, 11:09
Фото Александра Жабчука

"ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның Алматы бөлімшесінде ҚХР шекарасындағы маңызды логистикалық торап — Алтынкөл станциясының инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Станция арқылы Иран мен Парсы шығанағы, Еуропа және Орталық Азия елдері бағытында айтарлықтай жүк ағыны өтеді.

Кеңеске жобалау институтының өкілдері, сала ардагері Қалтай Самбетов және теміржолшылар қатысты. Талқылау барысында сарапшылар станцияны дамытудың алдын ала жобасын қарап, бірқатар ұсыныстар мен түзетулер енгізді.

Жобаға сәйкес Алтынкөл станциясында алты жаңа сұрыптау жолы мен қуаты аз дөңес салу жоспарлануда. Сондай – ақ іргелес учаскелерді дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде: Жетіген-Алтынкөл учаскесінде қосымша жолдар салу, сондай-ақ Жетіген мен Құрөзек разъезі арасында екі жолды қозғалысты ұйымдастыру көзделген.

Алматы жүк тасымалдау бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Нұржан Құрманалиұлының айтуынша, жобаны іске асыру станция мен аралықтардың өткізу және өңдеу қабілетін екі есеге — тәулігіне 18-ден 33 жұп пойызға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл теміржол желісінің экспорттық, импорттық және транзиттік әлеуетін айтарлықтай арттырады.  

2025 жылғы бес айдағы қорытынды бойынша Алтынкөл станциясы арқылы 6,5 млн тонна жүк тасымалданды —  бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22% артық.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда