Бейнеттің зейнеті бар
Саналы ғұмырын болат жолмен байланыстырып, өз алдына дербес шаңырақ көтерген Маңғыстау темір жол бөлімшесінің алғашқы бас есепшісі болған Едіге Сахып ұзақ жылғы бейнеттің зейнетін көретін шаққа жетті.
Маңғыстау темір жолында өткен 42 жылдың соңғы 10 жылын бөлімшенің қаржы-шаруашылық саласын басқарған маман Едіге Ыбырайұлы Құрметті теміржолшы белгісіне ие болған санаулы қаржыгер болса керек.
Екі жыл бұрын зейнет жасына жеткен есепке жүйрік тәжірибелі маманды жіберуге қимаған мекеме еңбегін тағы екі жыл пайдаланады. Міне, өткен апта алыс-жақыннан әріптес, тілеулестері түгел жиылып, есеп-қаржы саласының ардагерін құрметті демалысқа шығарып салды. Салтанатты шараға Астана, Атыраудан қонақтар, әріптестері келді. Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Нәжимеден Ғұбашов бастаған бөлімшеге қарасты мекеме басшылары, Маңғыстау магистральды желі бөлімшесінің басшылығы, өзге де аймақ теміржолшылары түгел қатысты. Көз көрген азаматтар естеліктер айтып, тілектерін төгілтті. Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры "ҚТЖ" ҰК" АҚ қаржы жөніндегі вице-президентінің Алғыс хаты мен бөлімшенің құттықтау хатын тапсырып, ардагердің төсіне "Маңғыстау теміржолына – 10 жыл" мерекелік медалін тақты.
– Едіге Ыбырайұлымен еліміз әуелсіздік алған тұстан бері қызметтеспіз. Маңғыстау темір жол бөлімшесінің қиын-қыстау күндерін бірге бастан өткіздік. Қазыналы қарт түбекте бұл кісідей өз кәсібін терең меңгерген, көп жыл жұмыс жасаған есепші болған емес. Еңбегіңізге алғысымыз шексіз, – деген бөлімше басшысы мерейтой иесінің портреті бейнеленіп, майлы бояумен салынған суретті сыйға тартты.
Едіге аға еңбек жолын 1969 жылы Мақат локомотив депосында жөндеуші слесарь болып бастапты. 1975 жылы Ташкент темір жол институтын бітіріп, инженер-құрылысшы дипломын алады. Сол жылдың тамыз айында жолдамамен Маңғыстауға келіп, жол бригадирі, жол шебері, аға жол шебері жұмыстарын атқарады. Қайта құру жылдары кәсібін қаржы-шаруашылық саласын игеріп, бухгалтер-экономист мамандығын алады. 1991 жылдан бері темір жол мекемелерінде бас есепші болып бүгінгі күнге дейін жемісті еңбек етті.
Темір жолда өз мектебін қалыптастырған маманның шәкірттері саналатын азаматтар да бүгінгі шарада сөз алып, ұстаздарына алғыстары мен жүрекжарды тілектерін жеткізді. Бөлімшедегі 18 есепшінің көбі оның шәкірті екен. Орнын басып, бөлімше директорының қаржы жұмыстары бойынша орынбасары қызметіне тағайындалған Сәрсен Егізбаев, жұмысты қатардағы есепші, көмекшіден бастап бас есепшісіне дейін көтерілген Гүлбану Алдабергенова, Гүлбаршын Салблекова және Маңғыстау магистарльды желі бөлімшесінің директоры Мұхтар Бақтыгереев, Маңғыстау жол дистанциясының басшысы Жарылғап Дүйсенбаев пен оның орынбасары Жолдас Жетібаев та кезінде Едіге Ыбырайұлының тәжірибе мектебінен өткен мамандар екенін мақтанышпен жеткізді.
Шахида Жұман
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды