Жүктің тоналуы азаймай отыр
Өткен жұма күні Тасымалдау үдерісі дирекциясының директоры Данияр Жәмиевтің төрағалық етуімен жүк тасымалының сақталуын қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар, кемшіліктер мен түйткілдер көпшілік талқысына түскен кеңейтілген жиналыс өтті.
[gallery columns="1" size="large" link="file" ids="78"]
Басқосуға «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелері мен филиалдары, еншілес кәсіпорындары және көліктегі ішкі істер басқармасы өкілдері қатысты.
– «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүк тасымалын сақтау барысында қалыптасып отырған жағдайға алаңдап, Қазақстан аумағында жүктердің ұрлануының алдын алу бойынша түрлі шаралар қабылдап отырғанына қарамастан ұрлық-қарлық азаяр емес. Үстіміздегі жылдың екі айында жүктің шашау шығып, сақталмауына қатысты 19 оқиға тіркеліп, Компания тарапынан жасалған шағымдарға қатысты жүргізілген шығын төлемі 119 075,2 мың теңгені құрады. Былтыр осы уақытта 3 оқиғаға қатысты жалпы шығын көлемі 248,2 мың теңгені құраған болатын, көріп отырғанымыздай, оқиға 6,3 есеге өсіп, ал қаржылық сома 480 есеге өсті. Биылғы 15 жағдайда шығынның ұлғаюы вагондардың жолдан шығып кетуі салдарынан жүктің жоғалуымен, бұзылуымен байланысты болып отыр. Ал 3 оқиғада жүктің тоналуынан келген шығын Компанияның жалпы шығынының 5 пайызын құрап отыр, – деген Данияр Күнжолұлы соңғы уақытта көмірдің ұрлануына қатысты оқиғалардың жиілеп кеткенін атап өтті.
Оның айтуынша, 2015 жылдың қарашасынан бүгінгі күнге дейін жалпы жетіспеушілік 333 вагонда 2 мың тонна шамасын құраған, бұл оқиғалардан келетін шығын мөлшері 16 571 мың теңгені құрауы мүмкін деп күтілуде екен. «Шұбаркөлкөмір» АҚ разрезінен өндірілетін тұрмыстық пайдалануға бағытталған көмірді ұсақ-түйек ұрлау фактілерін болдырмау мақсатында, аталған жүк жүріп өтетін телім станцияларына «ӘТЖК» АҚ мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ арасындағы келісімшартқа сәйкес станция парктеріне қосымша 13 күзет қосыны орнатылған.
Дирекция басшысы жүк тасымалын діттеген жерге шашау шығармай жеткізу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, жағдайдың әлі де күрделеніп отырған тұстары бар екенін айтады. Осы жылдың екі айында контейнерлерді бұзып кіргенде GPS құрылғыларының екі рет іске қосылған оқиғасы болыпты. Көбінесе, номенклатуралық жүктер жол үстінде тоналады екен. Алматы-1 станциясына бағытталған КНР – Алматы-1 бағдарындағы контейнерден 266 млн теңге сомасындағы «ноутбук» жүгінің жетіспейтіні анықталған.
– Көліктегі ішкі істер департаментімен тығыз байланыста жұмыс істеп келеміз. Биылғы жылдың екі айында аталған құзіретті органның тексеріп-тергеуіне 61 коммерциялық акт берілді, бұл өткен жылға қарағанда 33 актіге көп. Ең өкініштісі, ұрлық жасаушылардың қатарында Компания филиалдары мен кәсіпорындарында жұмыс істейтін адамдардың да бар екендігі. «ӘТЖК» АҚ қызметкерлері ұсынған өткен екі айдағы анықтамаға сүйенсек, биыл 199 адам ұсталып, көліктегі ІІБ тапсырылған. Соның ішінде, жүк ұрлауға қатысқан 16 адам темір жол көлігінің еңбеккері болып шықты, – деген дирекция басшысы бұл адамдармен еңбек шарты бұзылумен қатар оларға заңдық тұрғыдан қатаң шара қолданылатынын да жеткізді.
Бұдан кейін тасымал барысында жүктің сақталуына жауапты тұлғалар өздері тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға, жұмыс барысындағы кемшіліктерге, проблемаларға тоқталып, оларды бірлесе шешу жолдарын қарастырды. Сонымен қатар жүктің сақталмауын болдырмауға бағытталған ұйымдастырушылық-алдын алу шаралар легі түзілген кешенді, мақсатты, қысқа мерзімді тағысын тағы жоспар түрлері жасалды.
Сұлугүл БАКЕСОВА, Астана Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды