Бурабайда "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов Сала ардагерлерінің консультативтік кеңесі мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жиында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша негізгі шаралар талқыланды:

- жол шаруашылығын жаңғырту,

- жылжымалы құрамды жаңарту,

- жолаушылар пойыздарындағы сервис сапасын арттыру,

- цифрлық технологияларды енгізу.

ҚТЖ ардагерлермен сындарлы диалогты жалғастырып, саланың сенімділігіне, қауіпсіздігіне және дамуына баса назар аударады.

Консультативтік кеңес құрамына саланың дамына қомақты үлес қосқан ардагерлер мен құрметті теміржолшылар кіреді.  

- Қырықбай Әлсейітов

- Болатбек Дүйсемалиев

- Бақтарбек Жүнісов

- Борис Исинаманов

- Қуанышты Котырев

- Ескендір Рахметжанов

- Қалтай Самбетов

- Александр Степура

- Қадыл Таласпеков

- Марат Хамзин