Алғаш құрамды жүргізген

Жаңалықтар
18.07.2016, 12:01

SHALKAR AMANGELDI TASHPEN (7)

Локомотив шаруашылығында қырық жылға жуық тер төккен Тәшпен Амангелді санаулы айда зейнет демалысына шығады. Өткен жылы жаңа жол құрылысы бітіп, қозғалыс ашылғанда Шалқардан Бейнеу бағытына алғашқы пойыз құрамын алып бару құрметін иемденген таңдаулы машинист. Өткен жылға дейін жолаушылар пойызын жүргізіп келген бірінші разрядты машинист зейнет демалысына аз уақыт қалғанда тепловоз тізгінін жастарға беріп, бүгінде жас буын машинистерге өмір бойы жиған-терген білімі мен тәжірибесін үйретуде. – Депода 1976 жылдан бері еңбек етіп келемін. Машинист атаулының еңбек жолын жүріп өттім, бастапқыда машинист көмекшісі, кейін машинист болдым. Алғашқыда жүк пойызы құрамын тасымалдап келсек, кейін жолаушылар пойызын жүргіздім, – дейді Тәшпен Амангелді өткен өмірін екі ауыз сөзге сыйғызып. – Алғашында жаңа жолда сынақ сапарын жасадық. Ревизорлар жолды тексеріп көру үшін маған жылдамдықты арттыр, енді түсір деген нұсқау беріп отырды. Ұлттық компанияның вице-президенттерінің бірі де келіп, жаңа жол бойында қозғалыс қауіпсіздігін бақылады. Қазір жүк айналымы төмендеп кетті. Сондықтан «ҚТЖ» ҰК»АҚ транзиттік тасымал әлеуетін көтеруге басымдық беруде. Жезқазғаннан Бейнеуге темір жолдың тартылу себебі де осы. Бәсекелестік қызып тұрған мына заманда бұл дұрыс шешім. Пойыздардың үздіксіз қатынауы теміржолшылар үшін де тиімді. Сондықтан бізде өз тарапымыздан жұмыла еңбек етіп, жүк, жолаушы тасымалының өрісін кеңейтуге үлес қосатын боламыз. Бүгінгі таңда Тәшпен ағайдың жұмысы жас машинистердің жанында. Күнделікті дәріс оқып, нұсқау беріп отырады. Техникалық дәрістер өткізіп қана қоймай, әлем бойынша, ел көлемінде локомотив саласында болып жатқан тың жайттарды ортаға салып, телеграммалармен таныстырып отырады. Тәшпен ағамыздың әкесі Әбдіжәми де машинист болып, заманында паровоз жүргізген екен. Амандық болса, зейнет демалысына да шығатын уақыт таяп отыр. Таяуда екі әріптесі демалысқа кетіпті. Ұжым болып салтанатты жағдайда шапан жауып, сый-сыяпатпен шығарып салған. – Машинист әкемнің қанымен берілген мамандық. Өмір қайта айналып келсе, тағы осы мамандықты таңдар едім. Жаңа темір жол бойында алғаш құрамды жүргізгенімді ерекше мақтан тұтамын. Жаңа жолдың салынғаны ел үшін де, өңір үшін де жақсы болды. Көп жастар жұмыс тапты. Бүгінде күндіз-түні пойыздар қатынап жатыр. Ертеңіміздің бұдан да жарқын болатынына сенім мол, – дейді тәлімгер машинист.

Асқар АҚТІЛЕУ, Шалқар

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды