Wabtec АҚШ-тан тыс жерде алғаш рет дизель қозғалтқыштарын өндіруді Қазақстанда іске қоспақ

Жаңалықтар
20.09.2025, 12:00

АҚШ-қа жұмыс сапары аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов бастаған делегация локомотив жасау саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі — Wabtec компаниясының Пенсильвания штаты, Гроув-Сити қаласындағы өндірістік алаңдарына барды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Гроув-Сити зауыты локомотивтер мен ауыр техникаға арналған дизель қозғалтқыштарын өндіру және күрделі жөндеумен айналысуға маманданған. ҚТЖ делегациясы баламалы отын түрлерін пайдалану, қуат агрегаттарын жаңғырту үдерістері, сондай-ақ цифрлық мониторинг пен сапаны бақылау жүйелерін қоса алғанда, заманауи технологиялармен танысты.

Энергоүнемділік, шығарындыларды азайту және инновациялық шешімдерді енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл бағыттар ҚТЖ-ның жылжымалы құрамын дамытудағы негізгі басымдықтар болып табылады.

Кездесу қорытындысы бойынша Wabtec компаниясы 2026 жылы «Астана Дизель Сервис» зауытында жаңа дизель қозғалтқыштарын өндіруді іске қосу жоспарын растады. Бұл АҚШ-тан тыс жерде ашылатын алғашқы қозғалтқыш өндірісі болмақ. Қазақстан үшін бұл локализацияны дамыту мен саланың технологиялық тәуелсіздігін арттыру жолындағы маңызды қадам саналады.

Тараптар сонымен қатар технология трансфері, кадрлар даярлау және локомотив паркін техникалық сүйемелдеу саласындағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады. Бұл сапар серіктестікті нығайтудағы маңызды кезеңге айналып, ҚТЖ-ның елдің көлік инфрақұрылымын дамытуға халықаралық тәжірибені енгізу бағытын тағы да айқындап берді.

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?