Қандыағаш - үздіктер сапында

Жаңалықтар
18.07.2016, 16:31

IMG_1193

Қандыағаш станциясы өткен жылдың жұмыс қорытындылары бойынша үздіктер қатарына көрініп отыр. Былтыр алдыңғы жылдармен салыстырғанда, жүк тасымалдау, қабылдау және тиеу жоспары толық орындалып, сапалық  көрсеткіштері де көтеріңкі болған. Станция бастығы Нурибай Сәрсеновтың пікірінше, бұған станция ұжымы жұмысты ұтымды ұйымдастырып, ұйымшылдық танытуының арқасында қол жеткізіп отыр. Станция ұжымымен әдеттегідей дүйсенбілік жұмыс кеңесін өткізіп, жауапты тұлғаларға өз лауазымдарына қарай тиісті тапсырмаларды беріп, бөлмесінен шығарып салған станция бастығы алтын уақытының бірер минутын бізге де бөлді. – Қазіргі дағдарыс жағдайына байланысты жүк айналымының біздің ғана емес, Қазақстан бойынша, тіпті, әлемнің көптеген елдерінде төмендеп кеткенін жақсы білесіздер. Бірақ, біз тасымал мөлшерін төмендетпеуге қолдан келгенше тырысып бағудамыз. Сонымен қатар, жолаушылар пойызы да саны артып отыр. Бүгінде, мысалы  Қандыағаш станциясының үстінен бес «Тұлпар-Тальго» пойызы өтеді, –  деген  станция басшысының  айтуынша, қазір Қандыағашта жұмыс жасайтын зауыттар қарқынды жұмысқа кіріскен. «Силикат», «Базальт» сияқты өңірдің ірі компаниялары өз өнімдерін өзге аймақтарға тұрақты жөнелтіп жатса, күнделікті келіп жатқан тауарлар тағы бар. Ал станция аумағына кіретін кейбір елді мекендер әлі күнге дейін көмір жағып келеді. Сондықтан станцияға отынның осы түрі де жеткізілуде.   –Көмір алдымен Қандыағашқа түсіріледі. Одан кейін машинаға тиеліп, әрі қарай діттеген жерлеріне жеткізіледі. Аймақта спирт зауыты жұмыс жасайды. Оған қажетті астықты Ақкемерге жеткізіп береміз. Жылына 300-400 вагон астық тасымалданады,– дейді станция бастығы. Жаз маусымы құрылыс жұмыстарына қолайлы мезгіл болғандықтан, осы уақытта  Қандыағаштан шығарылатын кірпіштерге, блоктарға сұраныс айрықша артады екен. Бір маусымда 60-70 вагон құрылыс материалдары тиеледі. Олардың ішінде қызыл кірпіш, ақ кірпіш, силикаттың екі түрі, жылу ұстайтын минералды мақта, тағысын тағы құрылыс материалдары бар. Бастысы – алдағы уақытта бұл көрсеткіш әлі де артады деп болжанып отыр.   Қандыағаш станциясына қатысты тағы бір жаңалық – бір-екі жыл бұрын құрылысы аяқталған «Жезқазған – Бейнеу» темір жолы қолданысқа енгелі Сексеуіл арқылы Жезқазған, Балқашқа жөнелтілетін пойыздар құрамы  осында  құрастырылады екен. Ол пойыз құрамы Сексеуілге жеткізіледі. Әрі қарай діттеген станцияларға кетеді. Сексеуілге дейін 300 шақырым, әрі қарай Жезқазғанға дейін 500 шақырым, жалпы алғанда 800 шақырым. Бұрын айналып жүргенде әлдеқайда ұзақ жүретін жол бүгінде осындай ықшам, қысқа да нұсқа бағытқа ие болған.  – Бұл бір жағынан уақытты үнемдеуге септігін тигізеді. Екіншіден, шығын азаяды. Кезінде Хромтау – Алтынсарин тармағы салынғанда да уақыт пен бағам жағынан едәуір ұтып едік. Солтүстік облыстардан келетін астықты Қандыағаш арқылы Ақтау портына жіберіп отырушы едік. Жалпы, Қандыағаш станциясында төрт бағытта жөнелтілетін пойыздар құрамы құрастырылады. Цемент, болат, астық, қиыршық тас тиеледі, – дейді Нурибай Сәрсенов. Айтпақшы, осы жылы Ақтөбе мен Атырау аралығында жол салынады деп күтілуде. Жол құрылысына қажетті шикізат Қандыағаш арқылы жеткізілмек. Бүгінде құрылыс материалдары көптеп тасымалдануда. Қандыағаштан мұнай өнімдері де тиелетін болса керек. Санаулы күнде Қандыағаш станциясында «Олжа» ЖШС жұмысын бастамақ. Мыңнан астам вагоны бар мекеме пойыздарды жөндейді екен. Қосымша жұмыс орындары ашылып, вагон қараушылар қабылдануы мүмкін. Бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.  Бүгінде Қандыағаш станциясының үстімен 18-20 жолаушылар пойызы өтеді. Вокзалға өткен жылдары күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Станция бастығы 270 адам тер төгіп жатқан ұжымда соңғы жылдары қысқарту болмағанын, керісінше алдағы уақытта жоғарыдағы жағдайларға байланысты жұмыс көлемі артуы күтілетінін айтады.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды