Елбасы – Ақтөбе зауытында
Жаңалықтар
06.10.2017, 10:31
Үстіміздегі жылдың 4-ші қазаны күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келіп, өңірдегі инфрақұрылымдық және әлеуметтік-мәдени нысандарды аралап көрді. Солардың қатарында ол Ақтөбе рельсарқалық зауытында болды.
Мұнда Елбасын «ҚТЖ» ҰК»АҚ президенті Қанат Алпысбаев бастаған делегация күтіп алып, зауыттың бас директоры Андрей Кузьмин өнеркәсіп орнындағы соңғы жаңалықтармен, атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Мемлекет басшысына зауыт өнімін алыс және таяу шет елдерге, соның ішінде Өзбекстан, Түрікменстан және Әзербайжан, тағысын тағы елдерге экспорттаудың қазіргі жағдайы баяндалды. Атап өтерлігі, зауыт өз өнімімен «ҚТЖ» ұлттық компаниясын қамтамасыз етіп келеді. Кәсіпорынның өндірістік қуаты – жылына 430 мың тонна өнімді құрап отыр. Өз кезегінде, Нұрсұлтан Назарбаев қарапайым жұмысшылармен кездесті. Олармен әңгімелесіп, жұмыста сәттілік тіледі.
«Тәуелсіз мемлекеттер достығында баламасы жоқ іргелі зауытта қызмет етіп жатқан сіздер бақыттысыздар. Еңбектеріңізге табыс тілеймін. Жақсылап жұмыс істеңіздер», – дей келе Нұрсұлтан Әбішұлы, Қазақстандағы теміржол саласының маңызына тоқталып, мұндай жағдай өзге елдерде жасалмағанын тілге тиек етті.
Сөз орайы келгенде, Ақтөбе рельсарқалық зауытының аға шебері Нұрберген Азат Мемлекет басшысына мұнда былтыр жұмысқа орналасқанын, зауытта жұмысшыларға жақсы жағдай жасалғанын жеткізді.
«Бастапқыда ауысымдық шебер болып келдім. Кейін аға шебер болдым. Менің қарамағымда бірнеше адам бар. Бүгінде зауыт өнімдерін «Қазақстан теміржолы» компаниясы алып отыр. Сонымен бірге, зауыт өнімі ТМД кеңістігіндегі бірқатар елдерге және қазақстандық мекемелерге жеткізілуде», – деді Нұрберген Азат.
Кездесу соңында Елбасы зауыт еңбеккерлерімен естелік суретке түсті.
Сол күні «ҚТЖ»ҰК»АҚ президенті Қанат Алпысбаев пен компанияның вице-президенті Бауыржан Орынбасаровтың қатысуымен дәстүрлі Рельс комиссиясының 133-отырысы тұңғыш рет Ақтөбеде өтті. Siemens VAI (Австрия), Mitsui & Co және Nippon Steel (Жапония), ЕВРАЗ Холдинг (Ресей), Kardemir (Түркия), NDT Technologies Inc. (Канада) сияқты 20-дан астам мемлекеттің рельс өндірісі, сапасын бақылау және пайдалану саласындағы жетекші компаниялардың өкілдері қатысқан шарада қазақстандық рельс өнімдерінің сапасы жоғары бағаланды. Отырыстың ашылу салтанатында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның инфрақұрылымды жобалар жөніндегі вице-президенті Б.Орынбасаров ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Маминнің сәлемдеме хатын оқып берді.
«Рельс комиссиясының 133-отырысын Қазақстанда өткізу рельс илемі өндірісі ісіндегі маңызды оқиға болып саналады»,– делінген хабарламада. «1520 кеңістігінде» рельс өнімдерін әзірлеу мен пайдалануда Рельс комиссиясының ролін айта келе, Асқар Мамин Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынған Ақтөбе рельсарқалық зауытының Еуразия кеңістігіндегі заманауи кәсіпорын екенін атап өтіпті. Мұнда ерекше технологияларды пайдалану арқасында жоғары сапалы әрі бәсекеге қабілетті өнім шығарылуда.
Өз кезегінде, Бауыржан Орынбасаров рельс өндірісі Қазақстан теміржол машина құрылысындағы басым бағыттардың бірі екенін айта келіп, ҚР аумағында рельс өнімдерін өндіру жөніндегі алғашқы зауыттың құрылысы теміржол саласы дамуының маңызды сатысы екенін атап өтті.
«Ақтөбе зауытының өнімі «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы нысандары құрылысында, Алматы-Шу бағытындағы теміржолдың екінші жолдары құрылысында, жаңа Құрық теңіз портының инфрақұрылымы, Астанадағы жаңа вокзал кешені құрылыстарында кеңінен қолданылды», – деді ол.
Атап өтерлігі, зауыт өнімдері барлық стендтік, полигондық сынақтардан өтіп, қауіпсіздік, сапа, техникалық регламент нормалары мен халықаралық стандарттарға сай келіп отыр. Қазіргі уақытта Ақтөбе рельсарқалық зауыты жылжымалы аралас қозғалысқа қажетті ДТ 350 және ДТ 350 СС сыныпты Р65 типтегі рельстер өндірісін игерген.
Отырыс барысында «РЖД» ААҚ өкілі А.Кучин мен «АРАЗ» ЖШС бас директоры А.Кузьмин сөз алып, рельс өндірісі саласындағы жетістіктерімен, соны жаңалықтармен бөлісті. Ал Ақтөбе рельсарқалық зауыты бас директорының орынбасары Марат Ибрагимовтің айтуынша, Рельс комиссиясы отырысы 1773 жылдан бері әлем елдерінде ұйымдастырылып келеді екен.
«Металлургияның негізін салушылар бастап кеткен игі үрдіс әлі күнге жалғасын тауып келеді. Рельс комиссиясы – рельстер үшін сапа стандарттарын дайындау жөніндегі комиссия.Шара ғылыми-тәжірибелік конференция түрінде өтеді. Жыл сайынғы Рельс комиссиясының отырыстарында теміржол рельстерінің беріктілігі, өндіріс технологиялары, өндірісте туындаған мәселелердің шешімі және рельс өнімдерін пайдалану мәселелері қарастырылады. Екі күн ішінде теориямен қатар, өндіріс орнын, яғни рельс шығаратын зауытты аралап көру жоспарланған. Рельс атауларының сапасын жақсартуға бағытталған тенденцияға мән беріледі. Теміржол тасымалы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш салынады.Бүгінгі шараға рельсті пайдаланушы компаниялар да қатысып отыр», – деп ақпармен бөлісті Марат Ибрагимов.
Асқар АҚТІЛЕУ, Ақтөбе
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты