Қарттарға құрмет

Жаңалықтар
06.10.2017, 10:48
Маңғыстау темір жолы әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымдары Ақтау қаласы мен  Мұнайлы ауданында тұратын теміржолшы зейнеткерлерге Маңғыстау станциясындағы «Жеңіс» мейрамханасында мерекелік дастархан жайды. Ардагерлердің құрметіне облыстық филармония әншілері, жыршы-термешілер өнер көрсетіп, Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Нәжимеден Ғұбашов, Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің директоры Мұхтар Бақтыгереев, Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесіндегі кәсіподақ комитетінің төрағасы Әзірбай Тұрмағанбетов, өзге де мекеме басшылары, цехтық кәсіподақ төрағалары аға буын тілектерін құттықтау лебіздерін білдірді. Сондай-ақ бұл күні зейнеттегі теміржол еңбеккерлерінің түбек теміржолына төккен маңдай тері еленіп Ирина Зранова Қазақстан кәсіподағының 25 жылдық төсбелгісімен, Нұрлан Кисаев пен Дариға Сахып Маңғыстау жол бөлімшесінің 10 жылдығы медалімен марапатталды. Аймақтағы теміржолшы ардагерлер кеңесінің төрағасы Амандық Алдаберген бастаған ақсақалдар мен ақжаулықтылар ұйымдастырушыларға алғыс айтып, ақ баталарын берді.  Ардагерлер өткенді еске алысып, арқа-жарқа отырды. Олардың арасында Маңғыстауға келген алғашқы тепловозды шашумен қарсы алған Таған әжей де болды. Бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан кейуана біркездері шойын жол жұмысшылары тұрған жатақхананың алдына өзі отырғызған жас шыбықтың қазір қарт ағашқа айналғанын еске алып, көрсетіліп жатқан сый-құрметке алғысын әнмен жеткізді. Өз кезегінде, Ә.Тұрмағанбетов осы кеште 300-ге жуық адамға дастархан жайылса, өзге аудандардағы зейнеткерлерге сол жерлердегі мекемелер тарапынан құрмет көрсетіліп жатқанын атап өтті.

Шахида ЖҰМАН, Маңғыстау

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты