Кәсіби біліктілік сынға түсті
Жаңалықтар
06.10.2017, 10:52
Теміржолшылардың кәсіби біліктілігі мен тәжірибесін жетілдіру мақсатында «ҚТЖ»ҰК»АҚ бойынша бірнеше маңызды жобалар жүзеге асырылып, соның жемісін компания еңбеккерлері көруде.
Әр бөлімшедегі жоспарлы техникалық сабақтардан бөлек өзге аймақаралық теміржолшылар жарысы, біліктілік мектептері, білім жетілдіру курстарының бәрі болат жол еңбеккерлерінің кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған шаралардың бір парасы. Міне, осындай бөлімше ішілік кезекті бір теміржолшылар конкурсы аймақтағы Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесі, Қазалы вагон және Қызылорда локомотив пайдалану деполары қызметкерлері арасында өтті. Онда «Үздік лектор», «Кәсібі бойынша үздік», «Үздік маман» додасы Қызылорда ЖТ бөлімшесінің техникалық бөлім мамандары тарапынан ұйымдастырылып өткізілді.
«ҚТЖ-ЖТ» АҚ вице-президенті М.Шакеновтың телеграфтық нұсқауына сәйкес қолға алынып, үш турға негізделген конкурста аймақ теміржолшыларының техникаларды пайдалану нұсқамасын (ПТЭ) білуі, сигнал және байланыс ережелерін (ИСИ) меңгеруі, пойыздар қозғалысы инструкциясы (ИДП) мен өзінің жеке, кәсіби жауапкершілігін саралауы сынға түсті. Конкурс барысында Қызылорда ЖТ бөлімшесі бас инженері Күлхан Белкібаев төрағалығымен құрылған әділқазылар алқасы алдымен Арал теңізі, Төретам, Қызылорда және Шиелі секілді тірек станцияларда сайысқа түскен теміржолшылардың кәсіби біліктілігін сарапқа салды. Сайысқа аталған станцияларға жақын маңдағы бекеттерден де теміржолшылар қатысып, бақ сынады. Конкурстың алғашқы турын аталған станцияларда өткізіп, көп ұпай олжалаған «Кәсібі бойынша үздік» және «Үздік маман» турының озаттары бөлімше орталығында өткен ақтық сын «Үздік лектор» додасына жолдама алды.
–Тамызда қолға алынған конкурстың алғашқы және соңғы турларында да теміржолшылар кәсіби шеберліктерін сынға салды. Әділқазылар сынға қатысушылар арасынан инструкция мен ережелер талаптарын жатқа біліп әрі тез нақты жауап беріп, оны дәлелдей білген сайыскерлерді таңдады. Мұндай шаралар сала еңбеккерлерінің білімін, кәсіби шеберлігін шындауға өте қажет, – деп өз пікірін білдірді бөлімшенің өндірістік оқыту шебері Сәбит Нұрманов.
Конкурс барысында ахуалдық мәселелерді шешу, тосын жағдайлардан жол тауып шығу, техникалық құжаттар нормативтерінің меңгерілуі және ең бастысы пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауы сияқты тақырыптарды сайыскерлердің толық меңгеруі, тақырыпқа сай слайдтың дайындалуы, ораторлық шеберлігі, тіпті дауыс ырғағы мен сырт бейнесіне дейін қазылар алқасының сүзгісінен өтті. Сонымен тамыз айының ортасынан басталған бөлімше теміржолшыларының кезеңдік бәсекесі айға жуық жалғасып, үздіктер Қызылордада өткен «Үздік лектор» турында анықталды. Сонымен конкурстың жеңімпазы деп Арал теңізі станциясы басшысының орынбасары Толыбай Орекешов танылса, 2-орынды Қызылорда станциясы басшысы Рашид Шолтабаев қанжығалады, ал жүлделі үшінші орынды бөлімшенің учаскелік қозғалыс қауіпсіздігі ревизоры Тәжімбет Нұржанов иеленді.
Бөлімше теміржолшыларының кәсіби жауапкершілігін шыңдап, техникалық құжаттама жұмыстарының тыңғылықты толтырылуына ыждағаттылықпен қарауда тағы бір еске салған дүбірлі конкурс жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар мен диплом тапсырылды.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты