Су тұщыту модульдерін құрастыруда

Жаңалықтар
06.10.2017, 10:59
Қазіргі күндері Семей ЖТ бөлімшесіне қарасты шалғайда орын тепкен шағын станцияларға «Теміржолсу-Павлодар» ЖШС мен «Теміржолсу-Аягөз» ЖШС қызмет көрсетуде. Сумен қамтудағы жетістіктер биылғы жылы да нәтижелі болды. Жоспарлы межелер толығымен аяқталды деуге негіз бар. Бүгінгі күндері аталмыш ұжымдар алдындағы бірінші кезектегі мәселелер желі бойындағы су тасымалын жою болып отыр. Бұл тарапта межелі шараларды республикалық «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы жалғастық табатын алдағы бес жыл ішінде аяқтау жоспарланған болатын. Алайда, осы кезеңге дейінгі атқарылған қажырлы жұмыстың нәтижесінде бұл мақсатқа таяу аралықта қол жеткізілмек. –Қазіргі уақытта Семей – Дегелең теліміндегі Жалпақ станциясы мен 332 шақырым разъезіне су тұщытатын модульдер орнатуды көздеп отырмыз. Әзірленіп жатқан жобалар нақтыланса болғаны. Ал, Семей – Локоть бағытындағы №41 жол айрығын Бородулиха ауданына қарасты орталықтандырылған су жүйесіне қосу жоспарда тұр. Осынау шаралар уақытында аяқталар болса, батыс және солтүстік тармақ бойынша су тасымалы мүлдем орын алмайды. Яғни, ауыз су мәселесі 100 пайыз шешімін табатын болады, – дейді «Теміржолсу-Павлодар» мекемесінің Семей учаскесі бойынша бастығы Сырым Сағымбаев. Бұл орайда орын алып отырған ерекше жаңалық, станцияларға орнатылатын су тұщыту модульдері биылғы жылдан бастап Семейдің өз басында құрастырылуда. Қазіргі күндері осы шаруамен жергілікті сумен қамтушылардың өздері айналысуда. Тиімділік сол, модульдерді сатып алу мен тасымалға жұмсалатын шығын азаяды екен. Тек бірқатар қажетті жабдықтар мен су сүзетін фильтрлер ғана орталықтан алдырылуда. Бұл іске бүгінде тәжірибелі аға буын өкілі, сумен қамту шебері Қанат Дауылбаев бастаған қолы іс білетін жігіттер белсене кіріскен. Мекеменің өндірістік аумағында олардың өз күштерімен құрастырған алғашқы модульдері қазіргі күндері даяр. Тек қажетті құжаттамалар реттеліп біткен соң, шешім шыққан соң ғана станциялар басындағы скважинаға орнатылатын болады. Бұл тәсілдің тағы бір берер тиімділігі сол, сумен қамту ісін біршама жеделдетеді екен. Алдағы уақыттарда Аягөз – Семей бағытындағы оңтүстік тармақта орналасқан Шөптіқақ, №1, №3-ші жол айрықтарын да су тұщытатын құрылғымен қамту керектігін ескерсек, әлі де қажеттігі бар екені сезілуде.   Жалпы қазіргі күні желі бойындағы су сорғы станциялары мен ауыз су модульдері толықтай техникалық талаптарға сай жұмыс істеп тұр. Бұл нысандардың көпшілігі тоқсаныншы жылдардың тоқырауында қараусыз қалған болатын. Кейіннен «Теміржолсу» АҚ балансына өтіп, сала қызметкерлерінің игілігіне жұмыс істеуге көшкен еді. Биылғы жылы нысандардың барлығы да ағымдық жөндеуден өтті. Жуырда болып өткен күзгі байқау барысында ешқандай ақау табылмаған, мін тағылмаған. Жүргізілген химиялық және бактерологиялық сараптама жұмыстары да оң нәтиже көрсетіпті. Су сорғылары мен клапандарынан бастап, ұңғымалар  маңының көгалдандырылуы, санитарлық тазалығы жоғары деңгейде. Яғни, бөлімшеге қарасты сумен қамту нысандары алдағы қатал сыншы – қыс мерзіміне толығымен даяр тұр.

Қуаныш Қожаев, Семей

 
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты