Сенбіліктен қалған бір белгі...
Жаңалықтар
06.10.2017, 11:08
Маңғыстау станциясында вокзалдан таяқ тастам жерде алыстан ағарып қақпа көрінеді. Төбесінде үйі жоқ, айдалада есік тұр. Қос қанаты айқара ашылған, жабылмайтын «қорған» темір жолды жағалай жүрген кім кімнің де назарын аудартпай қоймайды. Ерекше ескерткіш пе деп қаласың...
Алғашында маған да түсініксіздеу болды. Жақындаған сайын есіктің не үшін ашық тұрғанына көз жете түсті. Ұзап кеткенше артқа қарай бердім, бірақ кірген де, шыққан кісі қарасы кездеспеді. Есіктің құрылысы ұлутастан, сырты ақталып, өрнектелген. Оң жағында ашық аспан астында жайлауға қоныстанған қазақ ауылдарын елестететін ағаш үй, алдында ұлттық үлгіде киінген әйел қолымен "Қош келдіңіз!" деп тұрғандай бейнеленген. Сол жақ сыртында да ауыл, сылағы түсіп, суреті жойылып бара жатса да бұлттар арасынан күлімдеген күн, домбыра ұстаған ер адам бейнесі байқалады. Теміржолды жағалай жүрген жүргіншіге мұның бәрі таңсық болса керек. Қызық. Сыры кетсе де сыланбаған бұл нысан қанша уақыттан бері тұр, қашан, не үшін, кімнің қолымен салынды, деген сұрақтар туындамай тұрмайды.
–Қателеспесем 1997 жылдың сенбі күндерінің бірі болатын. Есікті сенбілікке шыққан жұмысшылар асарлатып салды. Ол кезде халық мотоциклмен, арбамен де жүретін. Сонысымен темір жолдан жолаушы өтуге белгіленген орыннан да өте беретін. Мұнысы станцияның кейбір тұрғындарының наразылығын тудырып, шағыммен келетін. Сондықтан жол қауіпсіздігін сақтау және темір жол жиегінің әсемдігі үшін өтерліктің екі жағынан осылай есік қою жөнінде Маңғыстау жол дистанциясы басшысының сол кездегі орынбасары марқұм Өтеш Жұмағазиев ойын айтқан еді. Жұмысшылар қолдап, бір күнде тұрғызылды. Сенбілікке мен де қатысқанмын, онда жол дистанциясында жол шеберімін. 10 жылдан бері денсаулығыма байланысты мүгедектікке шықтым,– дейді Сәуірбек Отаров.
Шахида Жұман
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты