Өз затыңа ие бол...

Жаңалықтар
06.10.2017, 11:15
«Өзіңе өзің берік бол, көршіңді ұры тұтпа» деген сөз бар. Бүгінде  жолаушы пойыздарында ең көп тіркелетін қалта телефоны ұрлығы осы сөздің растығын дәлелдей түседі. Көлік прокуратурасы мен  аймақтағы ЖІІБ тәртіп сақшылары ұдайы ескертіп жүрсе де, жолаушылар өз мүлкіне ықтият болуды үйренбей-ақ келеді. Жақында Шымкент көлік прокурорының орынбасары Еркебұлан Лесбеков пен Шымкент станциясындағы ЖІІБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Орынбасар Мәмбетов, полиция капитаны Аида Мақашевалар бастаған топ жолаушылар пойызында «Дөңгелек үстінде қабылдау» іс-шарасын өткізді. Шымкенттен таңғы 06.55-те шыққан №55-56 Қызылорда – Көкшетау жолаушылар пойызына отырған сала қызметкерлері жолаушының купелерін аралап насихат айтты, қашанда жеке заттарына ие болуды, сақ жүруді қайталап, ұрылар кез-келген бекеттен міну қаупі барын түсіндірді. Түлкібас станциясына келген соң вокзалдағы халықты жинап тағы дәріс оқыды. Кері қарай №33-34 Ақтөбе – Алматы пойызына мініп, осы жұмысты жалғастырды.   Көлік прокурорының көмекшісінің айтуынша, 2017 жылы ҚР Бас прокуроры жалпы прокуратура органдарына қылмыстық деректер жиі тіркелетін 7 көрсеткішті белгілеген. Соның ішінде ұрлық фактілерінің не себепті көбеюін анықтау, талдау арқылы азайтуды тапсырған. Нәтижесінде «Ұрлыққа жол жоқ!» тақырыбымен бірқатар іс-шара жүргізілген. Оған қоса, Шымкент станциясындағы ЖІІБ тәртіп сақшыларымен бірлесіп жоспар құрып, бүгінгідей рейдтер жиі ұйымдастырылуда. Ұрлықты азайту үшін БАҚ арқылы халыққа насихаттау, жолаушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп,  жолаушыларға телефон, мейлі басқадай қымбат заты қолды болмас үшін өз мүлкіне ықтият болуды үнемі ескертеді. Купеде бейтаныс адамдардың ортасында қажет болмаса көрсетпеген абзал. Телефонын қасына қойып пойыздан түскенде ұмытып кете беретіндер де бар. Кейбіреулер тез арада біреуге қоңырау шалу ойымен сұраса да абай болған жөн. Алып қашып кетуі немесе ұрып тартып алып кетуі мүмкін, яғни, телефон ұрлығы көбіне осындай себеп-сылтаулар нәтижесінде орын алып жатады. Ішімдік ішкендер де пойызда жеке заттарын  жиі жоғалтып жатады. Шымкент станциясындағы ЖІІБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Орынбасар Қалдыбекұлы жолаушылар пойызыны бәрінде ілеспе күзет тобы барын айтады. Түлкібастан  Арысқа дейінгі телім бойында бір құрамда екі әріптесі вагондарды аралап, жолаушының жоғарыдағыдай өтінішін қабылдаған бойда іздеу шараларына кіріседі. Одан бөлек, аптаның сәрсенбі, сенбі күндері ұрлық істерді азайту үшін вагонды аралап, жолаушыларға осы мәселе жөнінде айтып, сақтандырып тұрады. Нәтижесінде бұрынғыға қарағанда телефон ұрлығымен  өтініш беру азайған. – Биыл жыл басынан 31 қылмыс тіркелді. Оның  29-ы жолаушының жеке мүлкін ұрлау болып отыр. Соның ішіндегі 11 дерек телефоны ұрлығына қатысты.  Ұрлық деректер көбіне жолаушылардың  ұқыпсыздығынан орын алады. Барлық купеде тоқ көзін қуаттайтын құрылғы жоқ болғасын, телефондарын дәліздегі қуат көзіне қойып, өздері купесіне кетіп қалады. Сосын пойыз әр бекетке аялдағанда сыртқа шығып, телефонын ұмытып кетеді. Үлкен бекеттерде жолаушының бірі түсіп, бірі мініп жатқан қарбаласта «танысымды шығарып саламын» деген желеумен суықолдылар лып етіп кіріп, 5-10 минуттың ішінде тоқ көзінде, купе немесе плацкартта ашық жатқан телефон басқа да бағалы заттарды үптеп кетіп жатқан оқиғалар жиі кездеседі. Ұйықтайтын уақытта та жолаушылар қаннен-қаперсіз телефон, әмияны салынған қол сөмкесін ортадағы столға қоя  салады. Сенім деген жақсы ғой, бірақ өзіңе өзің мықты бол, жұртты ұры тұтпа дегенді де есте ұстаған жөн. Жоғалған жағдайда телефондар екінші рет қолданысқа шықса табылады.  Өйткені, ол үшін арнайы органдар жұмыс істейтіндіктен, бүгінде қиындығы болмай қалды,- дейді Еркебұлан Лесбеков.  

Динар МЕЙІРМАН, Шымкент

Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жүк тасымалы
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты