Қазақстан мен Пәкістан Солтүстік – Оңтүстік бағытында мультимодальды тасымалдарды дамыту туралы келісті

Жаңалықтар
04.02.2026, 19:04

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапары аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ («ҚТЖ» ҰК» АҚ) атынан  «KTZ Express» АҚ және Пәкістанның National Logistics Corporation (NLC) мемлекеттік логистикалық компаниясы арасында Мультимодальды тасымалдауды дамыту саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Құжатқа қол қою Қазақстан мен Пәкістан арасындағы көліктік-логистикалық өзара іс-қимылды дамытудағы практикалық қадам болды және Солтүстік – Оңтүстік бағыттағы нарықтар арасында тұрақты жүк ағындарын қалыптастыруға бағытталған. Осы бағыттағы жүктердің әлеуетті номенклатурасын астық және оны қайта өңдеу өнімдері, көмір, тыңайтқыштар, металдар, химиялық өнімдер мен ағаш материалдары қалыптастырады.

Ынтымақтастық екі елдің инфрақұрылымдық және транзиттік мүмкіндіктерін кешенді пайдалануды, сондай-ақ кері жүктемені қамтамасыз ете отырып, көліктің әртүрлі түрлерінің қатысуымен мультимодальды логистикалық шешімдерді құруды көздейді, бұл бос жүрісті қысқартуға, маршруттарды оңтайландыруға және жиынтық логистикалық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Тұтастай алғанда, Меморандумға қол қою «ҚТЖ» ҰК» АҚ және NLC инфрақұрылымдық мүмкіндіктері мен логистикалық сараптамасын біріктіруге негізделген Қазақстан мен Пәкістанның ұзақмерзімді стратегиялық әріптестігін дамытуға деген ұмтылысын көрсетеді.

Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамытуды талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды
Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды
Инфрақұрылым
07.09.2026
Көлік саласындағы ірі жобалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды
Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды