«КСО» АҚ-да референдум талқыланды
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да жаңа Конституцияның ережелерін түсіндіру бойынша кездесулер сериясы жалғасуда. Кезекті талқылау «Көлік сервис орталығы» АҚ-да орталық аппарат ұжымы мен өңірлік өкілдіктердің қатысуымен өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Кездесудің негізгі мақсаты саяси жаңғыртуға және демократиялық институттарды нығайтуға бағытталған түзетулердің мәнін түсіндіру болды. «КСО» АҚ президенті Сәкен Әлібеков жаңа Конституция азаматтардың мүдделерін бірінші орынға қоятынын, ал алдағы 2026 жылғы 15 наурызда референдум елдің даму векторын айқындайтынын және әлеуметтік кепілдіктердің тұрақтылығын қамтамасыз ететінін атап өтті.
Компания қызметкерлері реформаның құқықтық жүйеге әсері туралы толық ақпарат алды және мемлекет үшін тарихи сәтте азаматтық жауапкершілік көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.