ҚТЖ басшысы ҚХР технохабтарында болды

Жаңалықтар
19.03.2026, 17:59
Фото автора
Асель Шайхынова

Корреспондент газеты «Қазақстан теміржолшысы»

Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Талғат Алдыбергенов Ченду қаласына барып, теміржол саласын цифрлық дамыту мәселелері бойынша бірқатар кездесулер өткізді. Ченду Қытайдың Оңтүстік – Батысындағы көлік хабы болып табылады және де ол арқылы үлкен жүк пен жолаушылар ағыны өтеді, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Сапар барысында компания басшысы China State Railway Group Chengdu Bureau диспетчерлік орталығына барып, диспетчерлік реттеу жүйесін ұйымдастырумен, қозғалыс қауіпсіздігі мен тасымалдау процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін жүк және жолаушылар пойыздары қозғалысын автоматты бақылау мен басқару жүйелерімен танысты.

Сапар Қытайдағы Көлік және логистика саласындағы ең көне университеттердің бірі болып табылатын Оңтүстік – Батыс көлік университетіне (құрылғанына 130 жыл) (Southwest Jiaotong University) барумен жалғасты. Бұл университет ғылыми-зерттеу жұмысы мен Қытай темір жолдары үшін инновациялық шешімдерді әзірлеу алаңы болып табылады. 

Талғат Алдыбергенов жоо басшылығымен кездесу өткізіп, университеттің оқу базасын аралап, осы университеттің теміржол көлігі саласында білікті кадрларды даярлау мен ғылыми ынтымақтастық мәселелерімен танысты, жалпы желілік, өңірлік және станциялық деңгейлерде теміржол тасымалдарын автоматты басқару жүйелерін әзірлеу мен тестілеу, сондай-ақ нақты кейстер мен тарихи деректер мысалында мамандарды қолданбалы оқыту жүргізілетін зертханаларға барды.

Сондай - ақ, зияткерлік ситуациялық орталықтар әзірлеушісі – Chengdu Sefon Software компаниясымен кездесу өтті. Тараптар жолаушылар және жүк пойыздарының инфрақұрылымы мен қозғалысын басқару тиімділігін арттыру мақсатында ҚТЖ ахуалдық орталығын құру үшін IOC шешімдерін қолдану мүмкіндіктерін талқылады. 

Сапар серіктестікті нығайтуға және «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметіне озық цифрлық шешімдерді енгізуге бағытталған.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты