ҚТЖ мен Huawei теміржол тасымалына ЖИ қолдану арқылы озық технологияларды енгізуді талқылады

Жаңалықтар
20.03.2026, 09:09
Асель Шайхынова

Корреспондент газеты «Қазақстан теміржолшысы»

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов ҚХР-ға жұмыс сапары аясында  Шэньчжэнь қаласының Көлік басқармасына барды және Huawei компаниясы басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды Rail-news.kz

Сапар барысында ҚТЖ басшысы Huawei Technologies Co., Ltd. Директорлар кеңесінің төрағасы Лян Хуамен және «Ақылды темір жолы» бизнес бөлімшесінің президенті Цзо Мэнмен кездесті.

ҚТЖ-ның Huawei-мен ынтымақтастығы Қазақстан мен Қытай технологиялық диалогы мен стратегиялық серіктестіктің маңызды элементі бола отырып, табысты дамуда. Компаниялардың жалпы стратегиялық мақсаты озық байланыс технологиялары, үлкен деректер, бұлттық және ЖИ шешімдері базасында заманауи интеллектуалды «ақылды темір жолды» құру. 

ҚТЖ-ның жұмыс делегациясы бүкіл әлем бойынша Huawei енгізген  Көліктегі және теміржол тасымалындағы ақылды басқару жобаларымен, Ашықтық, киберқауіпсіздік және құпиялылықты қорғау орталығымен, Қауіпсіздік, диспетчерлеу және темір жол көлігінде ЖИ-технологиялар саласындағы инновациялық әзірлемелермен танысты. 

Huawei штаб-пәтерінде жұмыс сапары шеңберінде тараптардың одан әрі ынтымақтастығы туралы хаттамаға қол қойылды, ол FRMCS стандарты байланысының жаңа буындарына көшуге, Big Data және бұлтты инфрақұрылымды дамытуға, теміржол көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ЖИ қолдана отырып жүйелерді енгізуге, магистральдық желінің өткізу қабілетін және тасымалдау процесінің тиімділігін арттыруға бағытталатын болады.

Жастар кадрлық резервін қоса алғанда, ҚТЖ-ның Huawei-мен бірлесіп оқыту және компания мамандарының біліктілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда