Талғат Алдыбергенов Huawei компаниясының топ-менеджментімен - Таяу Шығыс және Орталық Азия өңірінің президенті Филипп Ганмен және осы өңірдің корпоративтік сату бөлімінің президенті дерек Хаомен кездесті, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Кездесу барысында тараптар жүк тасымалын тиімді басқару үшін Big Data және жасанды интеллект базасында шешімдерді енгізу бөлігінде жаңа цифрлық жобаларды іске қосуды талқылады.

Мамандарды даярлауға және халықаралық тәжірибе алмасуға ерекше көңіл бөлінді.
Бұған дейін ҚТЖ және Huawei Technologies ынтымақтастығы аясында компанияның цифрлық инфрақұрылымын жаңғырту бойынша бірқатар жоба іске асырылды.
