Өнімнің үштен бірін экспорттайды

Жаңалықтар
22.07.2016, 16:57
Ақтөбе рельсарқалық зауыты 2016 жылы өндіретін рельс өнімдерінің үштен біріне жуығын экспорттауды жоспарлауда. Зауыт жыл басынан бері 8 000 тонна рельс өнімдерін шығарды, оның ішінде 1,3 млрд теңге сомаға 6 500 тонна ішкі нарыққа жөнелтілді. Бүгінгі таңда зауыт өнімдерін сатып алушылар қатарында «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистраль желісінің дирекциясы» филиалы, «Теміржол жөндеу» ЖШС, «Жол жөндеуші» компаниясы» ЖШС,  «Концерн «Найза-Құрылыс» ЖШС, «Теміржол Құрылыс Жоба» ЖШС, «Индастри ЛТД» ЖШС бар. Жалпы, биыл Ақтөбе рельсарқалық зауыты шамамен 100 000 тонна рельс өнімдерін шығаруды жоспарлап отыр, оның 70%-дан астамы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қажетіне, 30% – көршілес елдерге экспортқа жеткізіледі. Айталық, Өзбекстанға 13 000 тонна, Тәжікстанға – 5 000 тонна, Белоруссияға – 5 000 тонна, Грузияға – 4 700 тонна, Қырғызстанға – 1 000 тонна рельс жеткізілмек.   Қазақстан Даму банкінен хабарлағандай, ірі сұрыпты бір қалыпта құйылған прокат шығару 2017 жылға жоспарланған. Жалпы, 2018 жылы толық жобалық қуатына шыққаннан кейін зауыт жылына 430 000 тонна прокат шығарады, оның ішінде 200 000 тонна – жоғары жылдамдықты магистральдарға арналған термонығайтылған ұзын өлшемді (120 м) рельстер, 230 000 тонна – құрылыс секторына арналған бір қалыпта құйылған өнімдер болмақ. Рельсарқалық зауыты құрылысы жобасының жалпы құны Мемлекеттік сараптамасының қорытындысына сәйкес  82,707 млрд теңгені құрады, қажетті қаржыландырудың 70%-ға дейін Қазақстан Даму банкі тарапынан ұсынылды, қарыз мерзімі – 20 жылға дейін. Зауыт құрылысы 2013 жылдың сәуірінде басталды. Жоба 2015-2019 жылдарға арналған Индустриалды-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. – Бірегей жоғары технологиялы кешенді басынан бастап салудың барлық кезеңдерін жүзеге асыру мемлекеттің қолдауы мен ҚДБ желісі бойынша ұзақ мерзімді қаржыландырудың арқасында мүмкін болды. Ағымдағы жылы өндіру жоспарланған өнімдердің барлық көлеміне келісімшарт жасалып қойылған. Жеткізілім географиясын кеңейту мақсатында біз Мәскеу темір жол көлігін ғылыми-зерттеу институтының полигоны базасында зауыт рельстеріне қосымша аттестаттау және сынау жүргіземіз. Жобаны ҚДБ тарапынан қаржыландыру талаптарын өзгерту кәсіпорындарға валюта тәуекелдерін нивелирлеуге, сондай-ақ қарыз жүктемесін төмендетуге мүмкіндік берді, – деп атап өтті АРАЗ бас директоры Андрей Кузьмин.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды