«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Талғат Алдыбергенов«Узбекистон темир йуллари» АҚ Басқарма Төрағасы Зуфар Нарзуллаевпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Кездесу барысында тараптар:

  •  қазақстандық Ақтау және Құрық порттары бағытында тасымалдарды дамыту;
  • екі елдің теміржол инфрақұрылымын синхронды дамыту мәселелерін талқылады.

Соңғы 10 жылда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы теміржол тасымалының көлемі 76% өсті:

  •  2015 жылы 19 млн тоннадан;
  •  2025 жылы 33 миллион тоннаға дейін.

Өзбекстанға/одан / арқылы транзиттік тасымалдау көлемі ұлғайды:

  • 7 млн тоннадан;
  • 18 млн тоннаға дейін.

2026 жылдың 4 айында елдер арасындағы тасымалдардың жалпы көлемі 13 млн тоннадан асты, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36% өсті.

Жүк ағынын одан әрі арттыру үшін инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударылды.

ҚТЖ ағымдағы жылы «Дарбаза – Мақтаарал» стратегиялық жобасын іске асыруды аяқтауда. Тасымалдаудың өткізу қабілеті мен тиімділігін арттыру үшін инфрақұрылымдық жобаларды Өзбекстан тарапымен үндестіру қажеттігі атап өтілді.

  ҚТЖ Каспийде порт инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асырады:

  • Құрық портында теңіз түбін тереңдету жұмыстары аяқталды;
  • Ақтау портындағы осындай жұмыстарды ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.