ҚТЖ мен РЖД жүк тасымалын цифрландыру бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды

Жаңалықтар
28.05.2026, 16:26

Ресей Федерациясының Президенті В. В. Путиннің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «Российские железные дороги» ААҚ Мемлекет басшыларының қатысуымен жүк темір жол тасымалдарын цифрландыруды дамыту жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жоспардың негізгі мақсаты Қазақстан мен Ресей темір жолдары арасында бірыңғай цифрлық кеңістікті қалыптастыру болып табылады. Бірлескен бастамаларды іске асыру тасымалдау процесінің тиімділігін арттыруға, жүктерді өңдеуді жеделдетуге және халықаралық маршруттарда заманауи цифрлық шешімдерді енгізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жоспар бірқатар стратегиялық бағыттарды іске асыруды көздейді:

- үздіксіз транзитті қамтамасыз ету және цифрлық кедергілерді жою үшін ақпарат алмасуды жетілдіру;

- электрондық құжат айналымын қолдануды кеңейту және жүктерді тасымалдау кезінде қағазсыз технологияларды дамыту;

- мемлекетаралық қатынаста электрондық деректер алмасу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту.

Сонымен қатар, тараптар тоғыз ресейлік-қазақстандық мемлекетаралық түйіспе өткізу пункті бойынша пойыздар алмасу көлемін кезең-кезеңімен ұлғайтуға келісті.

Құжатқа қол қою Қазақстан мен Ресейдің көліктік-логистикалық өзара іс-қимылын дамытудағы маңызды қадам болады, сондай-ақ Ресей мен Орталық Азия елдері арасындағы негізгі экономикалық көпір ретіндегі Қазақстанның рөлін нығайтады. Бірлескен бастамаларды іске асыру жүк ағындарын жеделдету және бүкіл еуразиялық кеңістікте логистикалық тізбектерді оңтайландыру үшін қосымша жағдайлар жасайды.

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті