Машинист көмекшісінің жанұясы марапатталды

Жаңалықтар
17.05.2016, 17:30
Оқуға 2 мин
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және халықаралық отбасы күні қарсаңында Қызылордада өткен «Отбасы – тәрбие ұясы» атты облыстық байқауға қатысқан  машинист көмекшісі Исабеков Нұрлыбектің жанұясы жүлделі орын алды. Байқауға шаңырақ көтергендеріне 25 жыл толған үлгілі жанұялар қатысты. «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы ұйымдастырған байқауға қаладан бөлек барлық ауданнан жанұялар қатысты. Қызылорда локомотив пайдалану депосы ұжымынан қатысқан тепловоз машинисінің көмекшісі Исабеков Нұрлыбектің отбасы II дәрежелі дипломмен марапатталды. –Байқаудың негізі мақсаты Тәуелсіздік жылдарындағы отбасы жетістігін насихаттау, отбасы құндылықтарын дәріптеу және отбасын нығайту мен дәстүрлерді сақтау, мемлекеттілігімізді дамыту, – деді өз сөзінде шара шымылдығын ашқан облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев, қатысушы отбасыларға сәттілік тілеп. Үш кезеңнен тұратын байқауда отбасылар өздерін таныстырып, өз өнерлерін көрсетумен қатар «Тәуелсіздікке тарту» деп аталатын ақырғы айналымда 25 жылда қол жеткен отбасы жетістіктерін паш етті. Сайыс қорытындысы бойынша 1 орынды Жалағаш ауданынан келген Жанашевтар отбасы иеленсе, 2 орын теміржолшы-локомотивші Исабековтер отбасына және 3 орын Шиелі ауданынан келген Арыстанбековтер жанұясына бұйырды. Сондай-ақ,  «Салауатты отбасы», номинациясымен, «Жарасымды жанұя», «Шығармашыл отбасы», «Жаңашыл отбасы» және «Көрермендер көзайымы» номинацияларын иеленген отбасылар да сый-сыяпаттан құр қалмады.   Барлық қатысушыларға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.  

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды