Ақтау порты 7 метрге дейін тереңдетіледі

Жаңалықтар
24.06.2026, 08:39
Фото: Министерство транспорта

Ақтау теңіз портында кеме қатынасының қауіпсіздігін арттыруға және Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) өткізу қабілетін ұлғайтуға бағытталған Ақтау порты акваториясын тереңдету жобасын іске асыру жалғасуда деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бүгінгі таңда бас мердігер — China Harbour Engineering Company Ltd. компаниясы — жобаны іске асыру үшін қажетті геодезиялық зерттеу жұмыстарын және алынған деректерді өңдеуді аяқтады.

Дайындық кезеңі аясында арнайы тереңдету жұмыстарын жүргізетін флоттың, басқа да техникалар мен жабдықтардың жұмылдырылуы жүргізілуде. Сонымен қатар, учаскеде қоршау бөгетін салу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 785 метр болатын құрылыстың 680 метрі салынды.

Негізгі тереңдету жұмыстарын бастау ағымдағы жылдың шілде айының екінші жартысына жоспарланған. Жобаны толық аяқтау 2026 жылдың соңына дейін көзделіп отыр. Жұмыстардың нәтижесінде порт акваториясы 6–7 метрге дейін тереңдетіледі. Бұл кемелердің толық жүктелуін қамтамасыз етуге және жүктерді өңдеу тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жоба ТХКБ әлеуетінің артуына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі болады: 2028 жылға қарай оның қуатын 6 млн тоннадан 10 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарлануда. Бұл Қазақстанның Шығыс – Батыс бағыты бойындағы маңызды көлік-логистикалық торап ретіндегі рөлін одан әрі нығайтуға ықпал етеді.

2026 жылдың 5 айында ТХКБ арқылы Қытай – Еуропа бағыты бойынша контейнерлік тасымал көлемі 30%-ға өсті.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады