Астана – Семей - Достық пойызында спутниктік интернет іске қосылды

Жаңалықтар
25.06.2026, 09:14

«Арай транс KZ» компаниясының Астана – Семей – Достық бағытындағы №121/122 пойызында Starlink технологиясы бойынша спутниктік интернет қосылды. Бұл — интернет желісіне қосылған жеке тасымалдаушылар қызмет көрсететін алғашқы бағыт деп хабарлайды Rail-news.kz

Жоба Көлік министрлігінің заманауи цифрлық шешімдерді енгізу және жолаушылар тасымалының сапасын арттыру бойынша жұмысы аясында жүзеге асырылды. 

Технологияны енгізу Қазақстандағы теміржол тасымалдаушыларының цифрлық және телекоммуникациялық шешімдер саласындағы көпжылдық серіктесі – Kaztechnology инженерлік компаниясының қатысуымен жүзеге асырылды. Компания «Арай транс KZ» ЖШС-мен тығыз ынтымақтастықта Астана – Семей – Достық бағытына Starlink спутниктік интернет технологиясын енгізуді қамтамасыз етті. Бұл жолаушыларға арналған заманауи сервистерді дамыту жолындағы кезекті маңызды қадам болды. 

Спутник байланысын пайдалану бұрын ұялы телефон байланысы болмаған теміржол учаскелерінде интернетке қосылуды қамтамасыз етеді. Бұл жолаушыларға маршруттың шалғай учаскелерінде де байланыста болуға мүмкіндік береді.

Қосылу үшін пойыздағы Wi-Fi желісін таңдап, авторизациядан өту қажет.

Жолаушыларға қосылудың екі нұсқасы бар: 

- WhatsApp және Telegram-да мәтіндік хабар алмасу үшін ақысыз қол жетімділік; 

- интернет-ресурстарға, әлеуметтік желілерге, бейне сервистерге және жұмыс қосымшаларына толық қолжетімділігі бар ақылы тариф. 

Қызметтер үшін төлем Kaspi.kz, Halyk, Apple Pay, Google Pay, Visa және MasterCard банк карталары сияқты ыңғайлы әдістер арқылы жүзеге асырылады.

Спутниктік интернетті енгізу жолаушылардың жайлылығын арттырып, цифрлық қызметтерге қолжетімділікті кеңейтеді және теміржол көлігі қызметтерінің сапасын ұлғайтады.

Жолаушылар тасымалында заманауи технологияларды енгізу және цифрлық сервистерді дамыту жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты