«KAZLOGISTICS» бас директоры Шанхайдағы халықаралық форумда елдің көлік әлеуетін таныстырды

Жаңалықтар
26.06.2026, 12:17
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«KAZLOGISTICS» көлік және логистикалық ұйымдар мен қауымдастықтар одағының бас директоры Қанат Әлмағамбетов 24–26 маусым аралығында Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан халықаралық Transport Logistic China 2026 көрмесі мен конференциясының жұмысына қатысуда.

Қазақстан делегациясының форумға қатысуы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін ілгерілетуге, Азия мен Еуропаны байланыстыратын транзиттік бағыттарды дамытуға, сондай-ақ Қазақстанның Еуразиядағы маңызды көлік хабы ретіндегі ұстанымын нығайтуға бағытталған.  

Форумның алғашқы күні Қанат Әлмағамбетов халықаралық логистика мен көлік дәліздерін дамыту мәселелеріне арналған бірқатар салалық іс-шараларға қатысты.  

Іскерлік бағдарлама аясында «Еуразияны байланыстырып, өсімді ынталандыру» тақырыбындағы CRCT контейнерлік тасымалдарды дамыту конференциясы өтті. Онда контейнерлік тасымалдардың тиімділігін арттыру, халықаралық теміржол бағыттарын дамыту және Еуразия елдері арасындағы көлік байланысын кеңейту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар форум қатысушылары заманауи логистикалық экожүйені қалыптастыру, инновациялық шешімдерді енгізу және жүк тасымалы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды.  

Көлік-логистика саласы өкілдерінің қызығушылығы саланы цифрлық трансформациялау, интеллектуалды логистикалық технологияларды енгізу, жеткізу тізбектерін басқаруда жасанды интеллектті қолдануға ойысып, сондай-ақ әлемдік экономиканың өзгермелі жағдайында  жаһандық логистиканың тұрақтылығын арттыруға бағытталған жаңа тәсілдер туралы түрлі пікірталастар тудырды.  

Форум аясында қазақстандық өкілдер шетелдік серіктестермен, логистикалық операторлармен және салалық қауымдастықтармен халықаралық көлік бағыттарын дамыту, қосымша жүк ағындарын тарту, Транскаспий халықаралық көлік бағыты және өзге де еуразиялық көлік дәліздері шеңберіндегі ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылау үшін кездесулер мен келіссөздер жүргізуде.  

Transport Logistic China – Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі логистика, көлік, жеткізу тізбегін басқару және цифрлық технологиялар саласындағы ең ірі халықаралық алаңдардың бірі. Форум теміржол, теңіз, автомобиль және әуе көлігі операторларын, логистикалық компанияларды, жүк иелерін, инвесторларды және мемлекеттік органдардың өкілдерін біріктіреді. 2026 жылы шара Shanghai New International Expo Centre көрме орталығында өткізіліп, әлемнің 50-ден астам елінен келген 900ден астам компанияны жинады.

 

Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы