Үздік аудармашы

Жаңалықтар
30.06.2026, 09:02
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың мемлекеттік тұжырымдамасын іске асыру аясында Ақтау теңіз сауда портында «Үздік аудармашы» байқауы өтті.

«АММТП» ҰК» АҚ кәсіподақ ұйымының қолдауымен ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты – кәсіпорын қызметкерлерінің қазақ тілін меңгеру деңгейін арттыру, мемлекеттік тілде іс жүргізу дағдыларын жетілдіру және салалық терминдерді сауатты қолдану мәдениетін насихаттау. Байқауға қатысушылар қазақ тілін білу деңгейін, кәсіби терминдер мен өндірістік қызметте жиі қолданылатын тұрақты сөз тіркестерін дұрыс пайдалану шеберлігін көрсетті. Қазылар алқасының құрамына облыстық және қалалық «Үздік аудармашы» байқауларының жүлдегерлері, сондай-ақ кәсіпорынның кәсіподақ ұйымының өкілдері енді.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды заң кеңесшісі Абылай Бердиев иеленсе, екінші орын жүк қоймасының тальманы Айгүл Ешмұхановаға бұйырды. Ал үшінші орынды кадрлар жөніндегі маман Пания Төлегенова еншіледі. Жеңімпаздар Құрмет грамоталарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Ал қалған қатысушыларға көрсеткен білімі, белсенділігі және тілдік дағдыларын жетілдіруге деген ұмтылысы үшін ынталандыру сыйлықтары табысталды.  

 

Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады