Сала дамуына үлес қосқан теміржолшылар құрметті демалысқа шықты

Жаңалықтар
30.06.2026, 09:15
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Кеше «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС басшылығы мен ұжымы серіктестіктің екі бірдей маманын құрметті зейнет жасына шығарып салды. Серік Баймағамбетов пен Асқар Сағындықов салада ондаған жылдар еңбек етіп, Қазақстан темір жолының дамуына елеулі үлес қосты.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директоры Асан Үмбетов ұжымы мен өз атынан ыстық ықылас тілегін білдіре отырып, қос маманның көп жылғы адал еңбектері үшін зор алғыс білдіріп, қазақы дәстүрмен иықтарына бағалы шапан жапты.  

Серік Қайырбекұлы теміржол саласындағы еңбек жолын 2000 жылы еліміздің Көлік және коммуникациялар министрлігінде ұзақ мерзімді жоспарлау және мониторинг бөлімінің бастығы қызметінен бастап, көп жылғы еңбек жолында теміржол саласының әртүрлі ұйымдарында жауапты басшылық қызметтерді атқарады. Ал 2019 жылғы 15 шілдеден бастап бүгінгі күнге дейін «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау секторына басшылық еткен.  

Асқар Советбекұлының еңбек жолы 2009 жылы «Көлік сервисі орталығы» АҚ-да бас инженер қызметінен бастаған екен. Әр жылдары логистика, халықаралық ынтымақтастық, корпоративтік даму, қоғаммен байланыс және мемлекеттік құпияларды қорғау салаларында жауапты басшылық қызметтерді абыроймен атқарды. Бүгінгі күнге дейін ол «ҚТЖ-Жүк тасымалы» Мемлекеттік құпияларды қорғау тобының бас менеджері болып жұмыс істеді.  

Қос зейнеткер өткен күндерден естеліктерімен бөлісіп, еңбек жолында үзеңгілес болған іні-қарындастарына теміржол саласының өркендеуіне адал қызмет ете беріңдер деп тілек білдірді.  

 

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты