Талғат Алдыбергенов Маңғыстау облысындағы теміржол нысандарын аралады

Жаңалықтар
04.07.2026, 08:05

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барып, Құрық және Ақтау порттарын, сондай-ақ «Каскор-Транссервис» АҚ-ны аралады деп хабарлайды Rail-news.kz.

Көшпелі кеңестер барысында Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту, теміржол мен теңіз көлігінің өзара іс-қимылын күшейту, өндірістік процестерді цифрландыру, тасымалдау тиімділігін арттыру және қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту мәселелері қаралды.

Кеңесте Транскаспий маршрутының негізгі логистикалық тораптарының бірі саналатын Құрық портын дамытуға ерекше назар аударылды. 2026 жылдың алғашқы бес айында порт арқылы 731 мың тонна жүк өңделді. Құрық портының Орталық Азия, Кавказ және Түркия елдері арасындағы қосымша жүк ағындарын тартуда әлеуеті жоғары екені атап өтілді.

Кеңес қорытындысы бойынша ҚТЖ басшылығы жүк тасымалы бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету, транзиттік жүктерді үздіксіз өңдеуді ұйымдастыру, жаңа клиенттерді тарту мақсатындағы маркетингтік жұмысты жандандыру, сондай-ақ Құрық порты базасында іске асырылып жатқан «Жаңа Транскаспий паром жүйесі» жобасының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Күн тәртібіндегі әлеуметтік саясат мәселелеріне де ерекше көңіл бөлінді. Басқарма төрағасы еңбек адамының мәртебесін арттыру компания қызметіндегі басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Осыған байланысты қызметкерлерді арнайы киіммен қамтамасыз ету, санитарлық-тұрмыстық жағдайларды жақсарту, әлеуметтік тұрақтылық индексінің көрсеткіштерін арттыру, сондай-ақ Маңғыстау облысының әкімдігімен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан «Жұмыс жасаймын» бағдарламасын жалғастыру тапсырылды.

Ақтау портында кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері қаралды. 2026 жылдың қаңтар–мамыр айларында портта 2 млн тоннадан астам жүк өңделді. Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне байланысты порт акваториясын тереңдету жобасын іске асыруға ерекше назар аударылды.

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды