ҚТЖ басшысы мен Маңғыстау облысының әкімі Ақтау вокзалындағы жөндеу жұмыстарымен танысты

Жаңалықтар
04.07.2026, 09:00

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбаймен бірге Ақтау станциясының теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты деп хабарлайды Rail-news.kz.

Вокзалды жаңғырту Мемлекет басшысы мен Үкіметтің көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асырылуда және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын, қауіпсіздік пен жайлылық деңгейін арттыруға бағытталған.

Жұмыс сапары барысында ҚТЖ басшысы құрылыс-монтаж жұмыстарының қарқыны мен сапасын, сондай-ақ нысанның пайдалануға беруге дайындығын бағалады.

Нысанды аралау қорытындысы бойынша жаңғырту жұмыстарын бекітілген мерзімде аяқтауды қамтамасыз ету, орындалып жатқан жұмыстардың сапасына бақылауды күшейту және барлық іс-шараларды белгіленген мерзімде аяқтау жөнінде тапсырмалар берілді.

Теміржол вокзалы өңір үшін маңызды әлеуметтік мәнге ие. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Маңғыстау облысының аумағында 280 мыңнан астам жолаушы тасымалданды. Өңірде ҚТЖ-ның 6 пойызы және халықаралық қатынастағы 7 транзиттік пойыз қатынайды.

Биылғы жылдың наурыз–сәуір айларында жылжымалы құрамды жаңарту бағдарламасы аясында ҚТЖ RWS Wagon отандық өндірісінің жаңа 30 жолаушылар вагонынан жасақталған №109/110 пойызының үш құрамын жаңартты.

Айта кетейік, №109/110 «Маңғыстау – Ақтөбе» пойызы Қазақстанның батыс өңіріндегі негізгі бағыттардың бірі болып табылады және Маңғыстау мен Ақтөбе облыстары арасында тұрақты теміржол қатынасын қамтамасыз етеді.

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды