ҚТЖ Басқарма төрағасы Атырау теміржол вокзалын жаңғырту жұмысын жеделдетуді тапсырды

Жаңалықтар
04.07.2026, 12:34

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов Атырау станциясындағы теміржол вокзалын жаңғырту барысымен танысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Нысанды реконструкциялау Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында жүргізілуде. Жоба жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және келушілер үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Нысанды аралау барысында ҚТЖ басшысы құрылыс жұмыстарының ұйымдастырылуын сынға алды. Атап айтқанда, құрылыс-монтаж жұмыстары кезінде еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік талаптары мен шараларының сақталмауы, құрылыс жұмыстарына тартылған жұмысшылар санының жеткіліксіздігі, сондай-ақ мердігер ұйымдардың жұмысына бақылаудың әлсіздігі атап өтілді.

Талғат Алдыбергенов анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жоюды, тартылған жұмысшылар мен техника санын арттыруды, қауіпсіздік талаптарының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуді және құрылыс-монтаж жұмыстарының қарқынын жеделдетуді тапсырды.

Берілген тапсырмалардың орындалуы ерекше бақылауға алынды.

Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді