Тәртіп сақшылары балаларды теміржол бойында абай болуға шақырды

Жаңалықтар
08.07.2026, 09:33

Көліктегі полиция департаменті теміржол инфрақұрылымы нысандарында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатындағы жүйелі профилактикалық жұмыстарын жалғастыруда. Жаз мезгілінде мектеп демалысына шыққан балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінеді. Себебі осы кезеңде олар көшеде көбірек уақыт өткізіп, теміржол маңында жиі жүреді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Көліктегі ПД әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері Астана-1 теміржол вокзалы аумағында профилактикалық іс-шара өткізді. Кездесуге балалар мен жасөспірімдер қатысып, тәртіп сақшылары оларға теміржол көлігі нысандарында өзін қауіпсіз ұстау қағидаларын қарапайым әрі түсінікті түрде түсіндірді.

Көлік полицейлері теміржолдың қауіптілігі жоғары аймақ екенін түсіндіріп, теміржол маңында ойнаудың салдары, теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өтуге болмайтындығы, сондай-ақ вагондарға және теміржол инфрақұрылымының өзге де нысандарына шығудың қауіптілігі туралы айтып берді. Тіпті бір сәттік абайсыздықтың өзі орны толмас қайғылы жағдайларға әкеп соғуы мүмкін екеніне ерекше назар аударылды.

Көліктегі ПД мәліметінше, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін 27 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, жарақаттану оқиғалары әлі де тіркелуде. Есепті кезеңде теміржол көлігі нысандарында 34 адам жарақат алып, олардың алтауы балалар болған.

Департаменттің ӘПБ бөлімінің бастығы Алихан Жұмажановтың айтуынша, бұл алаңдатарлық статистика тек кәмелетке толмағандарды ғана емес, ересектерді де ойландыруы тиіс. Оның сөзінше, теміржолдағы әрбір жазатайым оқиға – көп жағдайда алдын алуға болатын қайғылы жағдай. Жаз мезгілінде балалар ересектердің қарауынсыз жиі жүретіндіктен, оларға теміржолдың ойын ойнайтын, серуендейтін орын емес екенін үнемі ескертіп отыру аса маңызды. Осыған байланысты ата-аналарды балаларымен қауіпсіздік ережелері жөнінде тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және жеке үлгісімен қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңызын көрсетуге шақырды.

«Барша азаматтарды, әсіресе теміржол маңында тұратын тұрғындарды теміржол инфрақұрылымы нысандарында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз. Теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өтпеңіздер. Пойыз немесе локомотив жақындағанда тоқтап, оның толық өтіп кетуін күтіңіздер. Теміржолдан өту кезінде вагондардың астынан өтпеңіздер және вагондардың автотіркегіштері арқылы аттап өтпеңіздер. Қарапайым сақтық шаралары адам өмірі сияқты ең қымбат құндылықты сақтап қалуға мүмкіндік береді», – деп ескертіп, сөзін түйіндеді ол.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады