Елордада көлік және логистика саласында ірі халықаралық форум өтті

Жаңалықтар
14.07.2026, 09:46
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астанада «Central Asia Transport, Logistics & Investment Forum 2026» форумы өтті. Бұл – көлік, логистика және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға арналған негізгі халықаралық алаңдардың бірі.  

Форум мемлекеттік органдардың, халықаралық қаржы институттарының, жетекші логистикалық операторлардың, инвесторлар мен инфрақұрылымдық компаниялар өкілдерін біріктіретін, Орталық Азияның көлік-логистика саласының болашағын және оны жаһандық сауда маршруттарына интеграциялауды талқылауға арналған жоғары деңгейдегі алаңға айналды.

Іс-шараға 25 елден 200 астам логистикалық сарапшылар мен кәсіпқойлар қатысты. Орталық Азияның көлік логистикасы саласындағы басты оқиға саналатын форумда Еуразияның көлік картасын өзгертетін мәселелер талқыланды, яғни халықаралық дәліздерді дамыту, контейнерлік тасымалдардың өсуі, логистиканы цифрландыру, инвестициялар тарту және мультимодальды маршруттардың тиімділігін арттыру мәселелері көтерілді.  

Бірінші сессияның тақырыбы Еуразияның әлемдік логистикадағы рөлі болды. Сарапшылар сауда ағындарының қалай өзгеретінін, қандай маршруттар сұранысқа ие болатынын және бұл аймақ елдері үшін қандай мүмкіндіктер ашатынын талдады. Шығыс пен Батыс арасындағы негізгі транзиттік бағыттар өтетін ел – Қазақстанға ерекше назар аударылды. Сондықтан көлік инфрақұрылымын, халықаралық ынтымақтастықты және логистикалық сервистерді дамыту бүгінде өңірдің бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторларының бірі болып қала береді.  

Ал форумның екінші күні «Көлік дәліздерінің болашағы: ағындарды кім басқарады» тақырыбында C-level деңгейіндегі жабық стратегиялық сессия өтті. Форумға KAZLOGISTICS Қазақстан көлікшілер одағы ресми ақпараттық қолдау білдірді.

 

Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз