«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ магистральдық теміржол желісін жаңғырту жұмыстарын жалғастырып, елдің негізгі теміржол учаскелерінде цифрлық автобұғаттау жүйесін кезең-кезеңмен енгізуде, деп хабарлайды Rail-news.kz.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша цифрлық автобұғаттау жүйесі теміржолдың 1 056 шақырымында іске қосылды, бұл биылға жоспарланған 2 188 шақырымның шамамен жартысын құрайды.

Жыл соңына дейін Тобыл – Қандыағаш және Шалқар – Бейнеу телімдерінің тағы 1 132 шақырымында жұмыстар толық аяқталады.

Цифрлық автобұғаттау жүйесін енгізу пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға, тасымалдау үдерісін тиімді басқаруға және теміржол учаскелерінің өткізу қабілетін 1,5 есеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.