Транскаспий бағдарын дамытуға келісті
Жаңалықтар
17.11.2017, 12:46
Азия мен Еуропаны жалғаған алтын көпір – Транскаспий халықаралық көлік бағдарымен жүк тасымалын жыл аяғына дейін 1,3 миллион тоннаға жеткізу көзделіп отыр. Бұл туралы Бакуде өткен Транскаспий халықаралық көлік бағдары халықаралық қауымдастығының жиынында айтылды.
15 қарашада Бакуде «Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) халықаралық қауымдастығы» ЗТҚ (заңды тұлғалар қауымдастығы) мүшелерінің жалпы жиналысы өткізілді. Онда аталмыш бағдарда жүк тасымалдау көлемін арттыру мәселесі талқыланды.
Жалпы жиналыста «Транскаспий халықаралық көлік бағдары» Халықаралық қауымдастығы» ЗТҚ Бірлестік басқармасының төрағасы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев сөз сөйледі.
Қ. Алпысбаев жиналғандарды Баку – Тбилиси - Карс теміржол бағдарының ашылуымен құттықтап, жаңа бағдардың ашылуы тарихи оқиға деп бағалады.
«Біз енді осы бағдардың инфрақұрылымын жақсартып, дәліздің өткізу әлеуетін көтеріп, қосымша жүктер тартуды белсенді жүргізуіміз керек», – деді Қанат Алпысбаев.
Оның айтуынша, биылғы жылы ТХКБ аумағында тасымал көлемін 725 мың тоннаға жеткізу жоспарланған болатын. Қазірдің өзінде жүк тасымалы 1 миллион тоннаға жеткен. Енді жыл қорытындысы бойынша 1,3 миллион тоннаға жетеді деп болжам жасауға болады.
«Біз келесі жылы Транскаспий бағдарымен қазақстандық көмір, химиялық, тау-кен өнімдерін тасымалдау, контейнерлік тасымалды дамытуды жоспарлап отырмыз. 2018 жылы ТХКБ бағдарымен 3 миллион тонна жүк тасымалдау жоспарымызда бар», – деді Қ. Алпысбаев.
Келесі жылы ТХКБ бағдарымен мұнай, газ ғана емес, қазақстандық астықты Әзірбайжан, Грузия, Түркияға шығару да жоспарланып отыр екен. Алпысбаевтың айтуынша, бірнеше жақты келісілген тасымалдаушылардың ынтымақты қызметі халықаралық бағдардағы тасымалдың осы қарқынмен жалғасын табатын болады. Сондықтан онда бәсекеге сәйкес келетін мөлшерлеме белгілеген жөн.
«Транскаспий халықаралық көлік бағдары халықаралық қауымдастығы» ЗТБ мүшелерінің жалпы жиналысына «Әзірбайжан темір жолы» ЖАҚ төрағасы Д. Гурбанов, «Грузин темір жолы» басшысының орынбасары А. Николашвили, «Түрік темір жолының» Жүк тасымалдау жөніндегі бас директоры В. Курт, Ақтау халықаралық теңіз сауда портының басшысы А. Түрікпенбаев, «Әзірбайжан Каспий теңізі кеме қозғалысы» ЖАҚ басшысы Р. Велиев, Баку халықаралық теңіз портының директоры Т. Зиядов, Батуми теңіз портының бас директорының орынбасары И. Мұқатов қатысты.
Жалпы жиналыс отырысында Қауымдастықтың 2017 жылы атқарған қызметінің алдын ала қорытындысы қаралды. Сондай-ақ, 2018 жылғы ТХКБ бағдарындағы тарифтік мөлшерлеме бекітілді.
Сонымен қатар Баку – Тбилиси – Карс жаңа теміржол желісіндегі жүк тасымалының тарифтік мөлшерлемесі қаралып, бекітілді. Қауымдастықтың 2018 жылға арналған шараларының жоспары мен бюджеті бекітілді.
Қауымдастықтың жалпы жиналысының шешімімен оның құрамына «Құрық порты» ЖШС (Қазақстан) компаниясы, Lianyungang Port Holdings Group (ҚХР) қауымдастырылған мүшесі болып қабылданды.
Иса БЕРКІМБАЙ
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты