ҚТЖ қызметкерлеріне арналған барлық сервис енді бір платформада

Жаңалықтар
21.07.2026, 15:14

«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Магистральдық желі дирекциясында» Aitu қосымшасымен біріктірілген бірыңғай ақпараттық кеңістік құру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Жаңа корпоративтік сайт филиал жаңалықтары мен жұмысшыларға ең қажетті сервистердің басын қосып, ақпарат алуды әлдеқайда қолайлы әрі жедел ете түсті.

Сайттың басты бетінде барлық пайдаланушы үшін филиал қызметіне қатысты өзекті жаңалықтар мен материалдар қолжетімді. Ал Aitu қосымшасы арқылы жүйеге кірген соң, қызметкерлерге күнделікті жұмысқа қажетті корпоративтік сервистер ашылады.

Атап айтсақ, «Санаторий-курорттық сауықтыру» бөлімінде жолдама алу шарттары, жадынамалар, өтініш үлгілері, квоталар туралы мәліметтер мен басқа да қажетті құжаттар орналастырылған. «Санаторий-курорттық сауықтыруға арналған материалдық көмек» бөлімінде санаторийлер тізімі, сондай-ақ бұл көмекті рәсімдеуге арналған құжаттар мен ұсыныстар берілген.

Сергек өмір салтын ұстанатындар үшін «Спорт» бөлімі қарастырылған. Мұнда алдағы өтетін жарыстар туралы ақпарат жарияланып, спорттың әртүрі бойынша спортшылар пулына енуге өтінімдер қабылданады.

«Балалардың жазғы демалысы» бөлімінде балалар лагерьлері, жолдама алу шарты және өтініш формалары жинақталған. Демалыс ауысымы аяқталған соң ата-аналар өз пікірін қалдырып, фотосуреттермен бөлісе алады.

«Ерікті медициналық сақтандыру» (ЕМС) бөлімі бағдарламаға қатысатын медициналық ұйымдарды жылдам табуға және сақтандыру қызметі бойынша өзекті ақпаратпен танысуға мүмкіндік береді.

Бұл – жаңа ресурстың мүмкіндіктерінің бір бөлігі ғана. Корпоративтік сайт алдағы уақытта да дамып, жаңа сервистермен және пайдалы функциялармен толығып отырады.

Бірыңғай ақпараттық кеңістік құру – филиалдың ішкі процестерін цифрландыруға, корпоративтік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға және қызметкерлермен өзара әрекеттесудің заманауи арналарын дамытуға бағытталған тағы бір маңызды қадам болды. Жаңа ресурс барлық маңызды сервисті бірыңғай цифрлық ортаға біріктіріп, қажетті ақпаратты интернет бар кез келген жерден және кез келген уақытта алуға жағдай жасайды.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты