ҚТЖ локомотив паркін жоспарлы түрде жаңартуда

Жаңалықтар
28.07.2026, 12:05

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС локомотив паркін жаңартуды жалғастыруда. Жаңа маневрлік және магистральдық локомотивтер Қазақстанның теміржол желісінде жұмыс істеуде. Локомотивтер  тасымалдау тиімділігін, пайдалану сенімділігін және қозғалыс қауіпсіздігін арттыруда, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Компания маневрлік паркті жаңартуға ерекше назар аударады. Ол үшін қытайлық CRRC компаниясымен CKD6S сериялы 100 тепловоз жеткізуге келісімшарт жасалды. Бүгінгі күнге дейін 67 локомотив жеткізілді. Олар Павлодар, Екібастұз, Астана, Қарағанды, Жаңаарқа және Балқашта пайдаланылуда.

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының локомотив шаруашылығы жөніндегі орынбасары Константин Цойдың айтуынша, жаңа модельді әзірлеу кезінде қазақстандық теміржолшылардың ұсыныстары және маневрлік локомотивтердің алдыңғы буынын пайдалану тәжірибесі ескерілген.

«CKD6S-тің басты сындарлы артықшылығы – қысқартылған база. Локомотив ұзындығы 22-ден 18 метрге дейін қысқарды. Осының арқасында ол кіші радиус қисықтарынан оңай өтеді және бұрын басқа сериялы локомотивтер қажет болатын күрделі кірме жолдарда жұмыс істей алады», – деп атап өтті Константин Цой.

CKD6S тепловозы сұрыптау станциялары мен дөңестерде жұмыс істеуге арналған. Бұл алты осьті локомотив, салмағы 138 тонна, құрылымдық жылдамдығы 100 км / сағ дейін. Локомотив бригадалары үшін тағамды жылытуға арналған пеш, ауа баптағыш және тоңазытқыш бар.

Компания сонымен қатар магистральдық паркті жаңартуды жалғастыруда.

Француздық Alstom компаниясының Астана қаласындағы зауытынан KZ8A сериялы 200 жуық жүк электровозы алынды. Олар Астана – Арыс – Алматы бағытында пайдаланылады және ауыр салмақ пен ұзын құрамды жүк пойыздарын тартуда.

Астана қаласындағы Wabtec зауытының ТЭ33А сериялы магистральдық тепловоздарын жеткізу жалғасуда. Желіге 551 локомотив келіп түсті. Олар Ақтөбе, Қандыағаш, Алтынкөл, Достық, Семей, Матай және Аягөз бағыттарын қоса алғанда, елдің батыс және шығыс өңірлерінде жұмыс істеуде.

CRRC компаниясымен тағы бір бірлескен жоба жүзеге асырылуда. Келісімшарт бойынша ҚТЖ ТЭ36А сериялы 100 магистральдық тепловоз алады. Бүгінгі таңда 83 локомотив жеткізілді.

Сонымен қатар сервистік инфрақұрылым дамуда. Жаңа локомотивтер үшін мамандандырылған сервистік орталықтар ашылуда, бұл техникалық қызмет көрсетуді уақтылы жүргізуге және техниканың жоғары дайындығын сақтауға мүмкіндік береді.

«Біз жаңа локомотивтерді сатып алып қана қоймай, оларға қызмет көрсету жүйесін де құрып жатырмыз. Техниканы жеткізумен қатар сервистік инфрақұрылым дамиды, персонал оқытылады және құрамдас бөліктердің қоры қалыптастырылады. Бұл локомотивтердің өмірлік циклі бойы сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді», - деп атап өтті Константин Цой.

CKD6S тепловоздарына арналған сервистік орталықтар Павлодар, Екібастұз, Астана, Қарағанды және Жаңаарқа қалаларында жұмыс істеп жатыр. Alstom локомотивтеріне Астана, Шу, Арыс және Алматыда қызмет көрсетеді. Wabtec локомотивтері үшін сервис Аягөзде, Мақатта, Алматыда және басқа өңірлерде ұйымдастырылған. ТЭ36А сериялы тепловоздар үшін сервистік орталық Маңғыстауда ашылды, жақын арада мұндай орталықтар Қандыағаш пен Тобылда пайда болады.

Локомотив паркін жаңарту ҚТЖ басымдықтарының бірі болып қала береді. Қазіргі заманғы локомотивтер тасымалдаудың тиімділігін, теміржол желісінің сенімділігін арттырады және локомотив бригадаларының еңбек жағдайларын жақсартады.

Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады