ҚТЖ Бас есептеу орталығында жастардың сала ардагерлерімен кездесуі өтті

Жаңалықтар
30.07.2026, 08:34
Оқуға 1 мин

Темір жол көлігі қызметкерлері күні қарсаңында ҚТЖ – «Бас есептеу орталығы» филиалында жас теміржолшылардың Орталық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Құрметті теміржолшы Болатбек Дүйсемалиевпен кездесу өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Іс-шараға Құрметті теміржолшылар Қанат Әлмағамбетов, Қайрат Рсымбетов және Гүлнар Таласпаева қатысты. Кездесу мемлекеттік тілді дамыту және насихаттау жөніндегі іс-шаралар шеңберінде жүзеге асты.

Жас мамандар 50 жылдан астам уақытын теміржол саласына арнаған Болатбек Бекеұлының кәсіби жолымен танысты. Ол Қызылорда станциясының кезекшісінен Алматы Ақпараттық-есептеу орталығын, Тасымалдауды басқару орталығын және Тасымалдау процесін үйлестіру департаментін қоса алғанда, ҚТЖ ірі бөлімшелерінің басшысына дейінгі жолды басынан өткерді.

Кездесу қазіргі Бас есептеу орталығының ізашары – Целиноград станциясында түйінді есептеу орталығының құрылғанына 50 жыл толуына орай өткізілді. 1991-1993 жылдары Болатбек Дүйсемалиев Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында Алматы Ақпараттық-есептеу орталығының жұмысын қамтамасыз ете отырып басқарды.

Болатбек Бекеұлы өз жұмысы туралы естеліктерімен бөлісіп, жас әріптестерінің сұрақтарына жауап берді және оларға кәсіби өсуді, теміржол саласының дәстүрлеріне жауапкершілік пен адалдықты тіледі.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды