Байланыс жүйесі бабында
Жаңалықтар
22.11.2017, 12:55
Ташкент – Орынбор теміржолы пайдалануға берілген кезде механикалық шеберхана негізінде құрылған Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясы қазіргі таңда Сексеуіл – Қоскөл және Сексеуіл – Жосалы станциялары аралығына қызмет көрсетеді.
Жылжымалы құрамдардың қауіпсіз қозғалысын сақтай отырып осы учаскелердегі СОБ, байланыс, пойыздық радиобайланыс, КТСМ құрылғыларына техникалық күтім жасап, оларға жөндеу жұмыстарын жүргізіп отырған байырғы ұжымның жұмысы дистанция бастығы Ғани Ысқақов мәлімет берді. Жыл басынан бергі өткен уақыт аралығында дистанция теміржолшылары тарапынан пойыздық және маневрлік жұмыс барысында ақау тіркелмегенмен СОБ құрылғыларының жұмыстан тыс қалуы қаңтар, ақпан және мамыр айларында орын алған екен. Байланыс құрылғыларының қаңтар айында екі мәрте жұмыстан тыс қалуына Сапақ – Аралқұм және Қамыстыбас – Бекбауыл станциялары перегонында фидер жүйесіне тоқ күшінің берілу іркілісі себеп болған. Ақпанда ТМ-17RWD блогының ақаулы болуы болса кесірін тигізсе, мамыр айында Көбек станциясынан өткен пойызға ОХ тізбегіндегі 5А сақтандырғышының күйіп кетуі байланыс құрылғысын жұмыстан шеттеткен екен. Әрине, дер кезінде мамандар тарапынан кедергілер орнына келтіріліп құрылғылар техникалық күтімге алынған.
Қазалылық байланысшылар өткен он айда жылжымалы құрамдардың жүйесін тексеретін УКСПС, пойыз вагондарының көлемін бақылайтын КГУ құрылғыларымен жылжымалы құрамдарды бақылау барысында аталған құрылғылардан кемшілік тіркелмеген. Алайда байланыс құрылғыларының оның ішінде кабельдердің қолды болуы салдарынан бір рет байланыстың жоғалу жағдайы орын алған. Байланыс кабельдері мен құрылғылардың қолды болуын болдырмау мақсатында жергілікті құзырлы органдармен қажетті жұмыстар жүргізілгенмен сұқ қолдан арылу қиын жағдайға айналып отырғандығы байқалады.
Жосалы – Төретам станциялары арасында К-60П 1 және 2-жүйесінің магистральдық кабелін бөгде адамдар тарапынан қасақана кесіп алып ұрлау жағдайы болып байланыстың жоғалуы орын алды. Және де мұндай жағдай тамыз және қыркүйек айларында қайталанып МАУМ-К-7х4 маркалы магистральдық байланыс кабелі қолды болды. Орын алған жағдай жергілікті құқық орғау органдарына тапсырылып, шұғыл іздестіру жұмыстары жүргізілді. Дегенмен байланыс нысандарына зиян келтіру өткен жылы да, биыл да қайталанып шығын келтірілуде, – дейді дистанциясы басшысы.
Жылжымалы құрамдарды телімдерден бекітілген кесте бойынша қабылдап-өткізу жұмыстарын жыл басынан бергі он айда кешіктірмей өткізген дистанциялық теміржолшылар КТСМ құрылғыларымен өткен жылы 150 602 пойыз бақыласа, биыл 157 635 жылжымалы құрамды бақылаудан өткізген. Дистанциялықтар байланыс құрылғыларына кешенді жоспарлы шараларды және ағымдық күтім жұмыстарын уақтылы жүргізіп, өздерінің тарапынан кемшілік орын алмауын басты назарда ұстайды. Биыл да мақсатта бірқатар жұмыстар атқарылып байланыс құрылғыларының бабын жасау, ескісін жаңасымен немесе жарамдысымен ауыстыру шараларын тұрақты жүргізуде екен. Мәселен160 дана электрлі қозғалтқышты ауыстыру бекітілсе оның 120 данасын алмастырған, 40 дана электрожетекке жөндеу жұмыстарын атқарған. Сексеуіл, Арал теңізі, Көнту, Дерментөбе, Қамыстыбас, Бекбауыл, Қазалы, Қорқыт, Сапақ, аралқұм, Шөміш, Байқожа және Төретам станцияларында ток күшімен қамтамасыз етуші панельдер бақылаудан өткізілген. Көбек және Дерментөбе станцияларында қолмен ШВП ажыратып-қосқыштарын автоматты жүйеге ауыстырған.
Пойыздардың жүріс қауіпсіздігі дистанция бойынша толықтай қамтамасыз етілген. Құрамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді жоспарлар, ГТСС нұсқаулықтары мен инженерлік-техникалық іс-шаралар толықтай орындалуда екен. Мәселен жолдың қозғалысқа қауіпті саналған бұрылысты аумақтары Бекбауыл – Қазалы және Сексеуіл – Конту перегондарындағы прожекторлы бағдаршамдардың 30 кешен жарықдиодты линзалары жаңартылып, төменгі қорғанышты кабельдердің 3 шақырымын ауыстыру жоспарланса межені орындау барысында Сексеуіл, Қазалы және Аралқұм станцияларында жаңарту жұмыстары 3,33 км бойынша атқарылған.
Байланыс құрылғыларына кешенді және ағымдық күтім жұмыстарын жасау барысында Қазалы және Бекбауыл станцияларында КПТШ-5,7 блогы жаңа типті 20 дана ТМ15-RWD және ТМ17-RWD блоктарына ауыстырылды. Байқожа станциясында авариялық стартерлі аккумуляторлардың 20 данасы жаңартылды,СОБ құрылғыларын кешенді ауыстыру жұмыстары 8 перегонда да атқарылды, 14 дана КТСМ -02 құрылғысының болометрі жаңартылды, 14 шақырымдық МС, МСТ,ГМС муфтыларына ағымдық жөндеу жұмыстары жасалып, алмастыру шаралары атқарылды. Міне, бұл ұжым теміржолшыларының күнделікті құрылғыларға күтім жасап бабында ұстау үшін атқаратын жұмыстарының бір парасы ғана, – дейді дистанция жетекшісі Ғани Ысқақов.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қазалы
Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
23.07.2026
Транскаспий дәлізін дамыту: Олжас Бектенов Маңғыстаудағы стратегиялық жобалардың жүзеге асуын тексерді
Аймақтар
23.07.2026
Теміржолшылар мал иелеріне мал жаю ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.07.2026
Шалқарда ҚТЖ мен Wabtec серіктестігі аясында жаңа өнер мектебі салынып жатыр
Әлемде
23.07.2026
Германияның барлық вокзалында алкоголь тұтынуға тыйым салынады
Жүк тасымалы
23.07.2026
ҚТЖ желісі бойынша жарты жылда 157 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды