Жүз жылдық тарихқа саяхат

Жаңалықтар
31.07.2026, 12:51
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бас ғимаратының бірінші қабаттағы кең фойесінде орталық теміржол мұражайы орналасқан. Атшаптырым кең залға бас сұққан жан бейне бір өткен ғасырға кіріп кеткендей күй кешері анық.

Орталық мұражайдағы көне жәдігерлер – өткеннің үнсіз куәгері, әрқайсысы теміржол тарихының белгілі бір кезеңін ғана емес, сол замандағы теміржолшылар еңбегін де баяндайтындай. Міне, ескі диспетчерлік аппарат пен сигналдық шамдар... әрбірінің артында теміржол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз еткен кешегі теміржолшының тұлғасы тұрғандай. Көз алдыма көне диспетчерлік аппаратта отырған, анау тұрған теміржолшы формасын киген қозғалыс командирі елестеді. Өткен ғасырдың басында түтіні будақтаған паровозға көмір лақтырған мынау күрек ше, нағыз жәдігер емей не?!

– Паровоздар жұмыс істеген кезде бұл күрек от жағушылар мен паровоз бригадаларының негізгі еңбек құралдарының бірі болды. Бұл физикалық тұрғыдан ауыр, үлкен шыдамдылық пен төзімділікті талап ететін жұмыс болатын. Сондықтан қарапайым еңбек құралы саналатын көмір күрегінің өзі паровоз дәуіріндегі теміржолшылар еңбегінің бір бөлшегі болып табылады, – деп түсіндірді әрбір жәдігердің тарихын жатқа білетін мұражай қызметкері Ақмарал Молдашева.

Келесі бір көненің көзі – темір жолдағы коммутациялық пульт, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың алғашқы жартысында пайдаланылған құрылғы станция мен разъездер, стрелкалық посттар, деполар арасындағы байланысты қамтамасыз етуге арналған. Оның көмегімен қызметтік хабарламалар жеткізіліп, пойыз қозғалысына жауапты қызметкерлердің өзара жұмысы үйлестірілген.

Темір жолдағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде фонарьлар мен сигналдық құрылғылардың да орны ерекше болғаны анық. Олар машинистерге, станция қызметкерлеріне және басқа да мамандарға қажетті жарық сигналдарын беруге пайдаланылды. Қызыл, сары және жасыл түсті белгілер қозғалыс жағдайы туралы ақпарат жеткізген. Әсіресе түнгі уақытта, тұман, жаңбыр немесе қар кезінде мұндай құралдардың маңызы артты. Сигналдың дұрыс берілуі пойыз қозғалысының қауіпсіздігіне тікелей әсер етті.

Заманауи теміржол цифрлық технологиялар мен автоматтандырылған жүйелерге сүйенеді. Дегенмен бүгінгі жетістіктердің негізінде өткен буын мамандарының еңбегі мен тәжірибесі жатыр. Мұражайда сақталған осынау жәдігерлер теміржол тарихын танып-білуге, саланың даму жолын бағалауға және өткен кезеңдегі мамандардың еңбегін есте сақтауға мүмкіндік береді. Бейне бір жүз жылдық тарихқа саяхат жасағандай болдық.

Бағдина СЕКЕРБЕК, Астана

 

Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жүк тасымалы
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты